0 дауыс
6.5k көрілді
Сәлеметсіздер ме!

2-3 күн болды қанды қақырық шығып жүр неге?

1 жауап

0 дауыс

Тексерілу керек қой.

Қанды жөтел (кейде Қанды қақырық, ағылш. bloody cough, немесе гемоптизис (лат. Hemoptysis) — жөтелгенде қанның қақырық аралас түкірікпен көп мөлшерде шығуын айтамыз. Өкпеден қан кетуді де осылай атайды. Қанды жөтел өкпе туберкулезінде ең жиі кездеседі, бұндай жағдай бронхоэктаз ауруында,өкпе абсцессі мен гангренасында, өкпенің өатерлі ісігінде де болуы мүмкін. Кей кезде өкпеде қан іркілгенде және өкпе инфарктісінде де қақырықпен қан түсетінін ұмытпау қажет. Бұндай жағдай кейде жүрек сырқаттарымен де байланысты болады.

Өкпеден қан кетуіне толық көз жеткізу үшін, қанның қақырыққа ауыз қуысынан,көмекейден,мұрыннан түсуі де мүмкін екенін есте ұстаған дұрыс. Ол үшін алдымен ауыз қуысын тыңғылықты қарап тексеру керек. Кейде өкпеден кеткен қанды асқазаннан кеткен қаннан ажырата білу қиынға түседі. Асқазаннан аққан қан қоңыр түсті, тағам қалдықтарымен араласып түседі. Ол қышқылдық реакция береді. Ал,өкпеден қан кеткенде алқызыл түсті, ауа көпіршіктерімен араласып, реакциясы сілтілі, жөтелмен қатар жүреді. Алқызыл түсті қан түкіру өкпе туберкулезінде, бронхогенді ракта, бронхоэктаз, сол сияқты актиномикоз ауруларында жиі кездеседі.

Крупоздық пневмония ауруының II кезеңінде қанның түсі эритроциттердің ыдырауына және гемосидерин пигментінің түзілуіне байланысты тотықтың түсіндей болып тұрады. Өкпе инфарктында алғашқы 2-3 күнде қан алқызыл, сонан кейін 7-10 күннен кейін қанның түсі өзгере бастайды.

...