0 дауыс
832 көрілді
Сценарист немесе Режиссёр мамандығы.Қыз балаға қайсы мамандық дұрыс деп санайсыздар және не үшін

1 жауап

0 дауыс

Бұл сұрақты қарастырмас бұрын екі мамандықты жеке қарастырып көру керек.

Сценарийші — кино, телехикая, компьютерлік ойын немесе спектакль үшін жазылған сценарийдің авторы. Сценарийші оригиналды сюжет немесе кино үшін бар туындыны бейімдеуі мүмкін. Бейімделген сценарий негізінен экрандау үшін әдеби шығармаларға өзгерістер енгізу арқылы жазылады. Сценарийші деректі фильмдерді қоса алғанда, барлық фильмдерге сценарий жаза алады. Жиі фильмнің режиссері сценарийдің авторы немесе соавторы болып табылады.

Режиссер (фр. regіsseur, лат. rego – басқарамын) – сахнада драмалық немесе муз. туындыны қоятын театр қызметкері. Режиссер - Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен - соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң "хабардың режиссері-бәленбай" деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.

Радиодағы хабарлар жанры жағынан әр түрлі болған сайын режиссер еңбегі де күрделене түседі. Бұрынырақтарда радиода жиі кездесетін радиокомпозиция, радиоочерк, радиофельетон, т.б. сияқты жанрлардың, көркем әдеби хабарлардың, радиодраматургияның азайып кеткендігі де радиорежиссерлерінің жұмысын бір жақты, бір сарынды бағытқа ауыстырып жібергендей.

Жақсы режиссер оператор, жөндеуші, топмейстер, дыбыс рсжиссері сияқты көмекшілері бола тұра бар жұмысты өзі атқара береді. Ол алдымен, жұмысты бастамас бұрын хабардың мәтінімен танысады. Сонан соң күллі көркемдеуші элементтерді дайындайды, музыканың естілу уақытын да сол белгілейді. Кез келген жерден музыканы үзіп тастауға болмайды, белгілі бір жеріне дейін ойнатып, сонан соң біртіндеп барып хабардың жабылу процесіне сай аяқтау қажет. Эстетикалық талғам, тыңдаушыға жетер әсер басты талап болуы тиіс.

Тікелей эфирде режиссерден жинақылық, шапшаңдық талап етіледі. Дер кезінде қажетті шуларды, музыкаларды жіберу, фонограмманы қосу т.б. әрекеттер ашық эфирде тез орындалуы тиіс. Кейде шақырылған адамдар келмей қалады, кешігеді, ондайда хабар жоспары өзгереді. Ендігі жерде режиссердің жедел шешімі керек. Әрине, режиссер көмекшісінің, оператордың жәрдемдері кажет. Хабардың үзіліп қалмауын қамтамасыз ету де соның міндеті. Кейде жүргізуші сөйлеп тұрады, ал радиодан естілмейді. Сондықтан, студия мен апараттық бөлме арасын байланыстыратын микрофоннан басқа наушниктер де қолданылады.

Қазіргі заманда  көбіне ер адамға немесе әйел адамға арналған деп бөлінбейді. Әркім өз жүрек қалауын жасаса , әрине үлкен күшін салып жұмысын сүйіп атқарса, табысқа жетері анық. Сондықтан өз жан рақатыңызға әрі табысты жұмыс атқарғаңыз келсе икеміңіз бар өз жүрегіңізге жақын мамандықты таңдаған дұрыс деп ойлаймын.

Ұқсас сұрақтар

...