0 дауыс
476 көрілді
Саламатсызба, менин шашым 8 ай бұрын көп түсіп қайта қалпына келды, сосын қыста терім қатты құрғап кетті шашым қайта түсіп жатыр арқада бетте мойында қолда безеулер бар салмақта азайып кетты, кейде денемнин ар жери қышыйды, кейде қызыл дақ пйда болып 2-3 кунде жоғалады кез келген жерде, осыны айтып беринизши!!

1 жауап

0 дауыс

 Шашыныздың арасына саусақтарыңызды салып жүргізіп көріңіз. Егер қолыңызда 2 тал шаштан артық шаш қалмаса бәрі жақсы. Ал егер одан көп шашыңыз түссе, бүгін біз сіздерге шаш түсуін алдын алып, оның түсуіне не себеп екендігін түсіндіріп көреміз.  

1. Температура
   Біз көбіне аязды күндері бас киімсіз жүреміз немесе жылы бөлмеде (метро, кинотеатр т.б) бас киім киіп отырамыз. Бұл дұрыс емес! Бас киімді де орынды кию қажет.
2. Дұрыс емес күтім
   - Біріншіден, шашты тарау. Дұрыс таңдалған тарақ бас терісіне жұмсақ массаж жасау арқылы қан айналымын дұрыстайды. Сондықтан күніне бірнеше минут (әсіресе ұйқы алдында) шашты әртүрлі бағытта тарап тұрған абзал.
   - Екіншіден, дұрыс таңдалған шампунь мен бальзамдар. Мамандар шаш күтіміне арналған шампуньдер мен бальзамдарда жазылған «нығайтады» деген жазу құр сөз емес екендігін айтады. Шындығында да олардың құрамындағы түрлі қоспалар шаштың түсуін азайтып, тіпті тоқтатуға септігін тигізеді. Мысалы, женьшеннің қоспасы болса ол бастың өмірлік клеткаларына әсер ету арқылы шаштың қайратты болуына көмектеседі. Ал қалақай, түймедақ, жалбыз қоспасы болса шаштың өсуіне әсер етеді.

3. Дұрыс тамақтанбау (диета)
   Күнделікті ішіп-жейтін тағамдарда ақуыз бен темірдің көп болғаны дұрыс. Майсыз құс еті, сиыр еті, үрмебұршақ, сүзбе, көк-өністер мен жеміс-жидектерді көбірек жеген дұрыс. Өйткені ағзадағы C, B5, B6, PP дәрумендері, темір, мырыш, кальций мен магний аз болса шаш түсе бастайды.

4. Темекі шегу, ішімдік ішу
   Шашыңыздың әдемі болғандығын, жалпы денсаулығыңыздың мықты болғандығын қаласаңыз темекі шегу, ішімдік ішу сынды зиянды әдеттерді тастаңыз.

5. Бауырдың дұрыс жұмыс істемеуі
   Денсаулыққа байланысты кез-келген проблема бірінші орында шашқа әсер етеді. Солардың ішінде бауырдың дұрыс жұмыс істемеуі ең бірінші орында шаш пен тырнақтан білінеді. Бауыр сау болуы үшін жаңғақ, зығыр майы, майсыз балық және табиғи сүзбе жеп тұру керек.

6. Күйзеліс
Аяқ асты салмақ тастау, операция алдындағы салынатын наркоз, эмоционалды уайымдардан соң 1-2 айдан кейін шаш түсе бастайды. Құрамында магниі бар бидай, асқабақ пістелері, ақжелкен, картоп сынды тағамдар күйзелістің алдын алып, шашты қайраттандырады. 

Толығырақ: http://old.baq.kz/kk/news/ult-sauligi/shash-tusuinin-basti-6-sebebi-35620

Ұқсас сұрақтар

...