Қазіргі заманғы атомосфералық қондырғыларда және комбинирленген қондырғыларының атмосфералық секцияларында мұнайды айдау әр түрлі әдістермен жүргізіледі.
Олардың ішінде негізгілері:
- бір ректификациялық мұнарада бір рет буландыру;
- бір-бірінен кейін орналасқан екі мұнарада екі рет буландыру;
- алдын ала буландыру мұнарасында немесе эвапораторда жеңіл фракцияларды алдын ала буландыруымен жүретін айдау.
Бір рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау. Тұссыздандырылмаған шикі мұнайды бір рет буландыру сұлбасы бойынша айдау келесі арқылы жүргізіледі (сур 3.).
Жылуалмастырғышта (2) ыстық ағынымен қыздырылған шикі мұнай электродегидраторға (3) өтеді. Ол жерден тұссыздандаралған мұнай насоспен жылуалмастырғыш (4) арқылы (5) пешке жіберіледі және одан кейін ректификациялық мұнараға (6) өтеді, ол жерде оны бір рет буландыру операциясы жүргізіліп, қажетті фракцияларға бөлінуі байқалады. Тұссыздандырылған мұнай жағдайында қондырғылар сұлбасында электродегидраторлар болмайды.
3.3 – сурет - Бір рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау:
1 - шикізат насосы; 2, 4 - жылуалмастырғыштар; 3 - электродегидратор; 5 - пеш; 6 – ректификациялық мұнара;
I-шикі мұнай; II- су және тұздар; III—бу-газды қоспа; IV— суару; V—VI— ақшыл мұнай өнімдерінің компоненттері; VIII —мазут; IX— су буы
Мұнайдың құрамында жоғары мөлшерде еріген газдар мен төмен қайнайтын фракциялар кездесетін жағдайда, мұнайды алдын ала буландыруссыз бір рет буландыру сұлбасы бойынша айдау қыйнға түседі, себебі насоспен пешкке дейін орналасқан аппараттарда жоғары қысым пайда болады. Сонымен бірге пеш пен ректификациялық мұнараға көп күш түседі.
Құрамында газ мөлшері көп болатын күкіртті мұнайларды өңдеу масштабттары өсуіне байланысты мұнайды айдау сұлбаларының ішінде кең таралған әдістерінің бірі – екі ректификациялық мұнарада екі рет буландыру сұлбасы 3.4-сур. көрсетілген.
Екі рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау. Шикі мұнай насоспен (1) алынады және жылуалмастырғыш арқылы (2) суссыздандыру үшін электродегидраторға (3) жіберіледі.
Тұндырылған және қыздырылған мұнай жылуалмастырғыш (4) арқылы, бірінші ректификациялық мұнараға (5) жіберіледі, оның үстінгі қабатынан бензиннің жеңіл қ.б. — 85 °С алынады. Бірінші мұнараның қалдығы (5) — жартылай бензинсіздірілген мұнай — насоспен (6) құбырлы пеш (7) арқылы негізгі ректификациялық (8) жіберіледі, ол жерде қалған барлық қажетті фракциялар – ақшыл мұнай өнімдерінің компоненттері және қалдық мазут алынады.
Пеште қыздырлған мұнайдың жартысы бірінші мұнараға қайтарылады (ыстық ағын).
3.4 - сурет Екі рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау:
1- шикізат насосы; 2, 4 - жылуалмастырғыштар; 3 - электродегидратор; 5-бірінші ректификаицялық мұнара; 6-насос; 7-пеш; 8 – негізгі ректификаицялық мұнара;
1-шикі мұнай; II - газ бен жеңіл бензин қоспасы; III - суару; IV—ыстық ағын; V—бу-газды қоспа; VI – негізгі мұнараны суару; VII-VIII – ақшыл мұнай өнімдерінің компоненттері; X - мазут; XI – су буы.
Бұл сұлба бойынша жеңіл қайнайтын бензин компонентері мен газдарға бай мұнайлары өңделеді. Сонымен бірге газдар бірінші мұнараның үстіңгі қабатынан бензиннің жеңіл буларымен ілесіп кетеді. Мұнай құрамынан бензинді компоненттердің жарты бөлігін алдын ала бөліп алғандықтан пеш змеевигінде қысымның жоғарлауына жол бермейді. Бір рет буландыру сұлбасымен салыстырғанда, бұл сұлба бойынша жеңіл қайнатын және ауыр фракцияларды жеке бөліп алуына байланысты пешті қыздыру үшін жоғарылау температура қажет.
3.5- сурет - Өндірістік АВҚ қондырғысының мұнайды екі рет буландыру сұлбасы:
1- шикізат насосы; 2-шикізат қыздыру үшін арналған жылуалмастырғыш; 3-бірінші ректификаицялық мұнара; 4-конденсатор-салқындатқыш; 5-жартылай бензинсіздірілген мұнай насосы; 5-пеш; 7-негзгі ректификациялық мұнара; 8- кептіру мұнаралары; 9-жылуалмастырғыштар; 10- салқындатықштар
I-тұссыздандырылған мұнай; II-жеңіл фракция; III-суару; IV-ыстық ағын-жылу тасмалдағыш; V-су және бензин буларының қоспасы; VI-VIII – ақшыл мұнай өнімдерінің компоненттері; IX - мазут; X – су буы; XI- аралық циркуляциялық суару
Алдын ала суссызданырылған және тұссыздандырылған мұнай (1) насоспен алынады және (2) жылуалмастырғышта ыстық ағындар көмегімен қыздырылғаннан кейін (3) бірінші ректификациялық мұнараға жіберіледі (табақша саны 28). Газдар мен бензиннің жеңіл булары мұнараның үстінгі қабатынан шығарылып, (4) конденсатор-салқындатқышққа жіберіледі. Жартылай бензинсіздірілген мұнай (3) мұнараның астыңғы қабатынан (5) насоспен (6) пешке жіберіледі, ол жерде 350°С дейін қыздырылған бетте (7) негізгі (7) ректификациялық мұнараға (табақша саны 40) жіберіледі. Жартылай бензинсіздірілген қыздырылған мұнайдың жарты мөлшері (6) пештен ыстық ағыны ретінде бірінші ректификаицялық мұнараға (3) жылудың қосымша мөлшерін алу үшін қолданылады.
Мұнара (7) үш секциялы кептіру мұанарсымен (8) жабдықталған. Мұнараларда қысым мәні әр түрлі келеді.
К-1-де бу фазасында қ.б. — 62 °С немесе қ.б. — 85 °С, жеңіл (басты) бензин фракциясы, ал К-2 — 62°С немесе 85°С жоғары температурада қайнайтын ауыр бензин фракциясы алынады, сондықтан К-1 қысым (0,15—0,20 МПа) К-2-ден жоғары (0,4—0,5 МПа) келеді. Бұл жағдай конденсациядан кейін фракцияларды 30-35°С сұйық күйде сақтап қалу қажеттілігімен анықталады. Бірақ жеңілдеу фракцияларының конденсациясы қыйындайды. Оларды толық конденсациялау үшін ауамен суытқаннан кейін қосымша сумен суыту қажет. Бұл кезде жеңіл бензин фракцияларын толық конденсациялауға қол жеткізуге болады.
Бұл физикалық зандылықтар бензинді тұрақтандыру мұнараларында және газды фракциялауыш қондырғыларда сақталады.