"Ханды құдай алайын десе,қарашасымен қас болар" деген мақалдың мағынасы қандай?

0 дауыс
384 қаралым
Мектепте бізге бір сабақтан 5 нақыл сөх жазып,біреуінің мағынасын ашып талдап бересіңдер деген сол мақалдардың біреуі осы мақал болып отыр.Мағынасын ашып берсеңіздер алғысым шексіз болар еді.
Мақал:Ханды құдай алайын десе,қарашасымен қас болар.
Кітап, Әдебиет

1 жауап

0 дауыс

Хан -басшы, Қараша - халық (немесе басқа жағдайда бағыныштылар, қол астындағылар(мақалдағы мақалдағы мағынасы))

Халықтың жайын ойламай ренжіткен басшы жазалы болады деген мағына береді. Өлім тілеген бала , молаға қарай жүгіреді деген мақалға ұқсас мағынасы. 

Басшы халықты әділ басқарып, оның қамын ойлау керек . Қианат еткен жағдайда абырой мен сыйлылығынан айырылады.

Мысалы:Бір ұжым басшысы -қол астындағыларды сыйламаса, айлығын бермесе, жөнсіз тиіссе, ұжым бірлігін сақтай алмай басқа да нашар қылықтарын көрсетсе, ұжымнан береке кетіп, басшы жұмыстан кетеді немесе  ол ұжым жабылады дегендей мағына береді ғой. Қызметін адал атқармаса, дәурені бітеді деген сөз жеп ойлаймын.

Ұқсас сұрақтар

127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы