0 дауыс
707 көрілді
"Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" жырының қандай нұсқасы мектеп бағдарламасына енді?

1 жауап

0 дауыс

Қозы Көрпеш  Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.

Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.

Орал қаласына "Е.И.Пугачев бастаған көтеріліс" жайлы ақпарат жинауға келген А.С. Пушкин, жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған.
Бұл жырды С.Кастанье, Н.Абрамов, Г.Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Пантусов, Р.Әбдірахманов, Е.Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады. Жазушы Г.Твертин (1889 – 1921) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 35). 1878, 1890, 1894 және 1905 ж. Қазан қаласында жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 ж. Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 ж. Мұхтар Әуезов Алматыда шығарды. Жырды Мәлік Ғабдуллин, Ысқақ Дүйсенбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеген. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» 1939 жылғы трагедиясы Ғабит Мүсіреповтың ең құнарлы, жемісті дәурін – үшінші кезеңін бастайды. Ел таныған әйгілі туындыларының басым көпшілігі осы уақытта дүниеге келген еді.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясына халықтың сүйікті көркем жыры өзек болғаны баршамызға аян. Бұрынғы балан, жас сана-сезімнің туындысы оскелең реалистік әдебиет талабына сай өрнектелген соң, бағзы заман, бұлдыр тарих еншісі емес, ұзақ дәурлеп кеше ғана өткен күрделі қоғамның шыншыл бейнесін танытып, көрер мен қуымен жылы ұшырай қауышты. Армандай елестеген Қозы мен Баяннын сахнада көрген жұрт та Ғабене алғыс-рақытымен жаулырғанды. Қаһармандары толысып, реалистік сипатқа ие болғандықтан, шығарманың зері де, зердесі де – бүкіл құрылысы да жаңа сыр-сымбатқа ие болды.

...