0 дауыс
868 көрілді
Саламатсызба жалгыс басты анамын 4 балам бар. Бала кутиминдемин бюджеттерге берилетин уй тизиминде турмын сол уйди калай ертерек алуга алугды?

1 жауап

0 дауыс

 Көпбалалы отбасылар мемлекеттен берілетін тұрғын үйдің кезегіне тұра ала ма және қандай шарттар бойынша үміткер бола алады?

Көпбалалы отбасылар халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жатады және тұрғын үй кезегіне есепке тұруға құқылы. Оларға басқа үміткерлер сияқты баспана жалға алу шартымен беріледі.

"ҚР мемлекеттік наградалары туралы" заңының 36 бабына сәйкес, "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының 118 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары берiлген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй алуға құқылы. Яғни, жеті және одан да көп бала туған көпбалалы аналар, "Алтын алқа" иегерлері мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспана алуға құқылы.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 28 мың көпбалалы ана тұрғын үй кезегінде тұр. Әкімдіктің есебінше, оның – 2892-і Елордада. Кезек өте баяу жылжып отыр: 2018 жылы Астанада 12 көпбалалы отбасы баспаналы болған.

Тұрғын үйді бірнеше жолмен алуға болады.

Біріншісі – мемлекеттің тұрғын үй қорынан кезек күту тәртібімен. Күту мерзімі орташа есеппен – 10 жыл.

Екіншісі – "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасымен:

  • "ТҚЖБ" АҚ несиелік баспаналары;
  • Пилоттық жобалар аясындағы жеке тұрғын үйлер;
  • "ҚИК" АҚ сатып алу құқығымен пәтерді жалға алу;
  • "Бәйтерек девелопмент" АҚ баспанасы;
  • "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ коммерциялық баспаналары;
  • "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ сатып алу құқығымен баспананы жалға алу.
...