+1 дауыс
947 көрілді
Еңбек өтілімі мемлкеттік қызметте қалай есептеледі ? егерде мемлкеттік қызметке орналасқанға дейн мемлкеттік университетте 8 жыл программист болып жұмыс атқарғам қазір мемлекеттік Б корпусы қызметіне орналасып жатырмын, алдынғы еңбек өтілімі саналадыма ?

1 жауап

0 дауыс

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) айқындау мақсатында орталық атқарушы органдар мамандығы бойынша жұмыс өтілін (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Осы қаулының 20-қосымшасының 4-тармағына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілін құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды делінген.

Осыған орай, кез-келген саладағы мамандардың жұмыс өтілін есептеу тәртібін басшылыққа ала отырып жұмыскердің еңбек өтілді есептеу ұйымдағы арнайы комиссияның құзыретіне кіреді және аталған комиссияның шешіміне келіспеген жағдайда ҚР Еңбек кодексінің 159-160-баптарына сәйкес жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер мекемедегі келісу комиссиясына, ал онда реттелмесе сотқа жүгіну тәртібімен шешуге болатынын хабарлаймыз.

...