Формальдылық дегенді қалай түсінуге болады

0 дауыс
1.9k қаралым
Формальдылық дегенді қалай түсінуге болады
• Санаты: Жалпы компьютер

1 жауап

0 дауыс

Формальды логика - ой формаларын ұғымды, пайымдауды, ой түйіндеуді, дәлелдеуді логикалық құрылымдық жақтан, яғни ойдың нақты мазмұнына мән бермей және осы мазмұн бөліктері байланысының тек жалпы тәсілін жіктей отырып зерттейтін ғылым.
Формальды логиканың негізгі мақсаты – ақтық білімді алу процесінде ақиқат қорытындыларға жетудің қажетті шарты болып табылатын заңдарды, принциптерді тұжырымдау.
Формальды логика силлогистиканы талдаған Аристотель еңбектерінен бастау алады.
Формальды логиканың одан әрі дамуына ертедегі стоиктер, орта ғасырларда – схоластар (Петр Испанский, Дунс Скот, Оккам, т.б.), жаңа заманда – Лейбниц үлес қосты.
Математикалық логика пікір айту мен дәлелдеудің қисындық теорияларын талдай отырып, Формальды логиканы логикалық зерттеулердің жаңа әдістерімен және құралдарымен байытты.

Ұқсас сұрақтар

127,767 сұрақ
322,339 жауап
153,150 пікір
72,791 қолданушы