Аяқ асты оқу орындары бұндай жағдаймен соқтығысқандықтан бұндай түсініксіздіктер туындауы заңды құбылыс. Университет және колледж басқарушылары жалпы студенттерге электронды түрдегі нұсқаулық жіберді. Сол жерде университет қолданатын электронды көмекші программалардың ерекшеліктеріне орай оқытылу принципі нақтыланған. Қазір көптеген университеттерде қорытынды апта болғандықтан , тапсырманы тек электрондық рочта арқылы тапсырып жатыр. Ал лекциялар мен семинарлар ZOOM программасы арқылы жүргізіледі.