0 дауыс
463 көрілді
Қытай пневмониясы қытайлықтар жарқанат пен тышқан етін жеген соң инфекцияланғанба?

2 жауап

0 дауыс
Бір версиясы соған келіп тіреледі.
0 дауыс

Вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде де тіркелген. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарларболғанын анықтаған. Сауда орталығында көбіне теңіз өнімдері, құс, жылан, қоян мен басқа да жануарлар сатылған. 

Ал The Sun басылымы Қытайдағы вирус ең алдымен жергілікті деликатес - жарқанаттан жасалған сорпадан тараған болуы мүмкін деген мәлімет келтірген. Себебі Қытайдың ғылыми бюллетенінде келтірілген зерттеу бойынша, адамдардан анықталған вирус пен жарқанаттың ортақ белгісі көп болған-мыс. 

Айта кетейік, адамнан адамға жұғатыны белгілі болған вирус ең алғаш Ухандағы теңіз өнімдері сатылатын базарда істейтін және сол жерге барған адамдардан анықталған. Сонымен қатар, вирустың қайнаркөзі қытайлықтар жиі қолданатын жылан болуы мүмкін екені жайлы ақпарат тараған. Одан бөлек, қытайлықтар жыланның уын халық медицинасында жиі қолданатыны айтылып жатыр. 

Ал жарқанаттан жасалған сорпа - әсіресе Ухан базарларында кеңінен таралған тағам түрі. Ғалымдардың пайымдауынша, вирустың тарауына жарқанат сорпасы себеп болған деген болжам шындыққа жанасады. Себебі жылан жарқанатқа жиі шабуыл жасайтын жануарлардың бірі көрінеді. 

Толығырақ: https://tengrinews.kz/world_news/jarkanat-sorpasyi-nemese-jyilan-mamandar-koronavirustyin-389776/

...