0 дауыс
293 көрілді
Салеметсиздер ме,бизде бала асырап ағымыз келеди, Алланын берген уш баламыз бар,сол балаларыммен бидей кылып багып кагамыз,кеуимиз екеумизде катты бала жанбыз,бизге жана туылган кыз бала болса куана асырап алар едик,87053305505

1 жауап

0 дауыс

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес бала отбасына асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) патронаттық тәрбиелеуге немесе баланы құабылдайтын отбасына берілуі мүмкін.

Ұл баланы асырап алу (қыз баланы асырап алу) - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны.

Патронат - жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны.

Қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

 Қамқоршылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты, сіз мынаны түсінуіңіз қажет, егер сіз отбасыңызға баланы қабылдап, ол үшін туған балаңыздай  жауапкершілікті артуға дайын болсаңыз, оның келешекте мүлікке құқық иеленуіне дайын болсаңыз, онда баланы асырап алуға тоқталуыға болады. 

Баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны.

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/child/adoption_of_a_child_in

Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi. Төмендегі адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар асырап алушы бола алады.
Мыналар:

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдар;

2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптылар;

3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдар;

4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар;

5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушылар;

6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар*;

7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар;

8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдар;

9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар (сотталғандығы жоқ туралы анықтаманы онлайн алу);

10) азаматтығы жоқ адамдар;

11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар;

12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;

13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар баланы асырап ала алмайды.

14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).

Бұл ретте, бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырап ала алмайды, сондықтан олар міндетті түрде бір-бірімен некеге тұру қажет.   
Жас айырмасы туралы ұмытпаңыз.  Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін.

Егер баланы ерлi-зайыптылардың екеуi асырап алмаса, ерлi-зайыптылардың бiреуi баланы асырап алған кезде бала асырап алуға екінші жұбайдың жазбаша келiсiмi талап етiледi. Бұл ретте, егер ерлi-зайыптылар іс жүзінде отбасылық қатынастарды тоқтатқан болса немесе бiр жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса, бала асырап алуға екiншi жұбайдың келiсiмi талап етiлмейдi.

Ұқсас сұрақтар

...