0 дауыс
622 көрілді
Менің тісім ауырғанына ендігі 3 күн болды.Баста қатты ауыратын,қазір онша ауырмайды бірақ суық немесе тәтті жесем сыздап ауырады.Және ең маңыздысы,тісімнің асты мен иек үсті ауырад және аппақ болып жатыр,ауырған тісімтерімнің асты жағы аппақ болып тұр.Бұл неліктен?Мен үй жағдайында пияз бен чеснок қоспасымен емдеп көруге тырыстым,және тұзбенде шайып көрдім бірақ сәл қояды да қпйта бастайды.не істеуге болады?

1 жауап

0 дауыс

Тіс ауруы ең кең таралған ауру. Онымен еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ауырады. Кеңес заманында оған жұрт онша көңіл бөле қоймайтын, өйткені емдеу тегін болатын. Қазір тіс ауруын емдеу қалтаға салмақ түсіретін қымбат емге айналды.

Тіс ауруға қарсы адамдар тісін арнайы пастамен тазартып, тісті залалсыздандыратын сағыздарды пайдаланып жатады. Бірақ соған қарамастан, тіс ауруы уақыты келгенде шақырусыз қонақтай бізді әбігерге салатыны бар. 

Тіс ауруына қарсы халық емі.

Қазіргідей медицина дамымай тұрған бұрынғы заманда да адамдар тіс аурымен ауырған. Ол кезде адамдар тіс ауруына қарсы түрлі шөптер мен тұнбаларды пайдаланып, сол арқылы дерттен арылатын болған. Қазір де тіс аурына қарсы халық емін пайдалануға болады.

Халық емінің бір артықшылғы сіз ақша төлемейсіз және ағзаңызға теріс әсерін тигізетін залалды ауыртпайтын (есірткілік) заттар қабылдамайсыз, ең бастысы, тісіңізді жұлдырып, тістен айрылмайсыз және халық емі кәдімгідей тіс аурын басуға игі ықпалын тигізеді. Өйткені ол жүздеген жылдар бойы тәжірибеден өткен тәсіл.

Сарымсақ (чеснок) арқылы емдеу.

Тіс ауруына қарсы емде сарымсақ ең нәтижелі емдік құрал ретінде жиі қолданылады. Бұған оның қолжетімділігі де себеп болса керек. Сонымен, тісіңіз ауырған жағдайда, сарымсақты алып, оның қабығын суы шыққанға дейін аршыңыз. Содан кейін сарымсақты ауырған тісіңізге немесе иек қызыл етіне қойыңыз.
Сарымсақ түсіп кетпес үшін саусақпен басып ұстап тұру немесе мүмкіндік болса таңып байлап тастау қажет. Оны тісіңіздің ауруы басылғанша алмаңыз. Қызығы сол, сарымсақ тістің ауруын әп-сәтте басады екен.

Тіс ауруына қарсы сондай-ақ, сарымсақтың туысы жуаны да пайдалануға болады. Ол үшін аршылған жуаны ауырған тісіңіздің қарама қарсы жағындағы тіске, не қызыл иекке қойып, ауру басылғанша ұстап тұрыңыз.

Тісті тұзды су арқылы емдеу.

Бір стақан қайнаған суға (ыстық емес, жылытылған бөлме температурасындағыдай) бір шәй қасық тұз салып жақсылап араластырыңыз. Еріген ертіндіге тісіңізді шәйіңіз. Шәйғанда ауырған жерге баратындай етіп, асықпай және ұзақ шәйғаныңыз жөн.

Тұзды су ауруды басып, қанның ағуын тыяды. Жалпы тұзды суды тек тіс ауырған кезде ғана қолданбай, күнде кешкілік тамақтан кейін аузыңызды үнемі шәйіп жүруді әдеткен айналдырсаңыз, тіс аурынан аулақ боласыз.

Тіс аурудың алдын алу.

Ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмаудың амалын жасау әлдеқайда тиімді болатыны белгілі. Осыған орай, тісім ауырмасын десеңіз бірқатар пайдалы кеңестерді жадыңызда ұстасаңыз артық болмайды. Бүгінде тіс пасталары туралы, оның кереметтігі жөнінде жарнамалар өте көп. Шындығында, тіс пастасымен күнде, тіпті кейбіреулердің күніне екі рет тазарту қажет дегені дұрыс емес.

Өмір бойы бір тісі түспей және тіс ауруы дегенді білмей кеткен менің әкем тісін тіс пастасымен ешқашан тазартпайтын. Ол тұзды сумен күнде жатарда тісін жуып жататын. Тіс пастасының тіске жиналған микробтарды тазартуға игі әсері болғанымен, оны жиі пайдалану тіс эмалын жұқартады. Ол жұқарған соң тесіліп, тіс ауруы пайда болады.

Сондықтан тіс пастасымен ары кетсе аптасына бір рет тісіңізді шәйсаңыз жетеді. Ең бастысы тамақ ішкен соң міндетті түрде тісіңізді жылы сумен шәйіп отырыңыз және жатарда тұзды жылы сумен аузыңызды шәйіңіз. Оған қоса, тіске массаж жасау, яғни тісіңізді шақырлатып қайрау, немесе бір-біріне соғу сияқты әрекет жасау қажет. Ол тістің қызыл иекке бекуін қаматамасыз етуге және эмаль қабатын қалыңдатуға игі әсер етеді.

Сонымен қатар сіздің тісіңіздің ауыру себебі тісіңіздің эмальі кетіп жатуынан болуы да мүмкін. Кейінірек асқынып аса үлкен мәселеге айналып кетпес үшін арнайы маман көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс.

...