0 дауыс
16.1k көрілді
Мысалга мугалидер окушылардан мереке сайын акша жинауга кукыгы барма? Мугалим окушынын намысына тисе не ыстеу керек? Мугалим окушаны психологиялык жагдайдан кысса не ыстеу керек? Окушы оз кабинетынлегы заттарга акша жинауга мындеттыме? Мысалы горшок, веник, ведро?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

1. Жалпы ереже
1.1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ«Неке және отбасы» Заңы, 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Бала құқығы туралы» Заңы, «Бала құқығы туралы Конвенциясына сәйкес жасалды.
1.2. Кодекс мақсаты: мектеп қабырғасында қолайлы ортада сапалы білім алуына мүмкіндік беретін оқушылардың бірыңғай ережелері мен міндеттерін енгізу.
Оқушылардың құқығы
Оқушылардың құқығы бар: - сапалы білім алуға;
- өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне;
-оқу сабақтарының арасында демалу үшін үзіліс алуға;
- бақылау жұмыстары мерзімі мен олардың көлемі туралы уақытылы ақпарат алуға;
- білім алуға мұғалім тарапынан қосымша көмек; өзіндік тілегі бойынша пәнді игеруде қиындық туындаған сәтте, денсаулығына байланысты сабақтарға қатыспаған немесе өздігінен материалды игере алмаған жағдайда;
- білім саласында және мектептегі оқытуда қажетті және қолжетімді ақпараттар алуға; - мектептің кітапханалық қорын ақысыз пайдалануға;
- оқу пәндері бойынша тек қана өз білімі мен дағдыларының сәйкестігін бағалауға;
- оқудағы ғылыми және шығармашылық әрекетіндегі жетістігі үшін марапатталу және сыйақы алуға;
- сыныптың және мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін марапатталуға;
- қоғамдық және азаматтық ықылас көрсетуге;
- өзінің абыройын сыйлауға, әр түрлі дене және психикалық зорлықзомбылық, жеке тұлға ретінде жәбірленудің әр түрлі формаларынан сақтануға;
- өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес кез келген қоғамдық тапсырмаларды өз ықыласымен таңдауға;
- білім бағдарламасында қарастырылмаған еңбекке өз еркімен тартылуға;
- өз пікірін еркін айтуға; - мектепті басқаруға қатысуға –мектепті басқару органдарына сайлауға және сайлануға қатысуға;
- мектептің дамуына мүмкіндік беретін шығармашылық идеялар мен креативті ұсыныстар енгізуге.
Оқушылардың міндеттері Оқушылардың міндетті:
- мектеп Жарғысы, мектептің ішкі тәртібін және осы оқушы Кодексі талаптарын білу және сақтауға;
- Отанға лайықты қызмет етуге өзін-өзі дайындауға;
- Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Жалауы мен Әнұраны, мектебінің символикасын білуге және сыйлауға;
- сапалы білім алуға, өзінің білім, білік, дағдыларын кеңейтуге, сабақтарға жүйелі түрде дайындалуға;
- мектептің жұмыс режимін қатаң сақтауға, сабақ кестесіне сай сабақтарға қатысуға, қандай да бір себептер болмаса сабақтан кешікпеуге;
- мектеп абыройын сақтауға, дәстүрлері мен имиджін қолдауға; - мұғалім еңбегін бағалауға;
-мектеп қызметкерлері, мұғалімдер мен басқа да оқушылардың абыройы мен ар-намысын сыйлауға;
- өзінің және басқа оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, мектептің техникалық қауіпсіздігін және мектеп пен жеке гигиеналық талаптарды сақтауға; 
- мектеп формасын міндетті түрде киюге;
- өзінің сыртқы келбетін тазалықта және ұқыптылықта ұстауға;
- мектеп ішінде ауыстыратын аяқ киім; дене шынықтыру сабағына спорт киімнің болуы;
- мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға, оның сақталуын қадағалауға;
- мектептен тыс жерлерде өзін лайықты ұстауға, айтар сөздерін бақылауға, ұрсу және қоғамға жат лексиканы қолданбауға;
- мұғалімдердің ескертулерін дұрыс қабылдап және сынға оң әрекет етуге;
- оқушы мектепке сабақ басталмай тұрып алдын ала таза, ұқыпты қалыпта келіп, гардеробта сыртқы киімін шешіп, аяқ киімін ауыстырып, болатын сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындауға міндетті.
-сабаққа үш күн қатыспағанда, сынып жетекшісіне емханадан денсаулығына байланысты анықтама немесе ата-анасының (ата-анасының құқығын орындаушы, қамқоршысы және т.б.) өтініші тапсырылуы қажет; Оқушыларға тыйым салынады:
- себепсіз сабақтан қалуға; - сабаққа, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларға кешігуге;
- сабақта, мектеп қабырғасында, сабақтан тыс дайындықтарда, шараларда, тәртіп бұзуға;
- білім үдерісіне қатысушыларға, оқушыларға тіл тигізуге, абыройы мен ар-намысына тиюге;
- сабақ барысында мұғалімнің рұқсатынсыз ұялы телефон қолдануға;
- мектепке жарылыс пен өрт қаупін тудыратын кез келген заттар мен құралдарды әкелуге: жарғыш, өрт тудыратын заттар, қару, уландырғыш және улызаттарды, пиротехникаларды, газдық баллондар, үшкір, кесетін құралдарды, пышақ т.б. нәрселерді әкелуге;
- шамадан тыс косметика қолдану және мектепте зергерлік бұйымдарды кию;
- қандай бір мақсатпен және қандай да бір тәсілмен қару қолдануға (сонымен қатар жарылғыш, өрт тудыратын заттар, алкогольді сусындар, шылымдар, есірткі заттарын) мектеп территориясына алып кіруге;
- мектепте сағыз шайнауға;
- сабақтарда плеерлер мен мобильді байланыс қолдануға;
- қоғамға жат қимылдар мен тіркестерді қолдануға;
- техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
- мектепке алкогольді және есірткі заттарды әкелуге және қолдануға;
- мектеп мүліктерін бүлдіруге және сындыруға, мектеп қызметкерлері мен басқа да оқушылардың жеке мүліктеріне зиян келтіруге; - қарым-қатынаста болған кикілжіңдерді шешуге, қорқыту мен тартып алу мақсатында қандай да бір әр түрлі формадағы күш және қысым көрсетуге;
- қоршаған адамдарға қандай да бір қауіп тудыратын әрекет жасауға;
- білім беру ұйымдарына кремді кондитерлі заттар әкелуге тыйым салынады (16.08.17 жылғы Денсаулық сақтау Министрлігінің № 611 бұйрығы).
Кодекс ережелерін бұзған жағдайда оқушылардың жауапкершілігі
Барлық оқушылар Кодекс ережелерімен толық танысуы тиіс және барлық нормалар мен 9ережелерді мүлтіксіз орындауға тиісті. Кодекс ережелерін бұзған оқушылар тәртібі мектеп белсенділері отырысында, педагогикалық консилиумдерде немесе қамқоршылар кеңесінде, қажет болғанда, құқық қорғау органдарында қаралады.

Ақшаны ешқандай себеппен жинауға оқытушының құқығы жоқ. Ол тек ата -анамен оқытушының келісімі бойынша оқушының оқудан тыс шараларына (қыдыру, 9-11сыныптағы естелік альбом, бастауыш сыныптағы жаңа жылдық сыйлықжәне т.б.) жұмсалатын шығынды өтеу кезінде жиналуы мүмкін. Алайда барлығы да ата-ананың келісімімен. ҚР жалпы орта білім алу тегін түрде жүргізіледі. Жыл сайынғы және күрделі жөндеуге мемлекеттік ұйымдарға қаржы бөлінеді. Оған оқушы қаржы жинауға міндетті емес. Көбіне ата -ана баласының көңілі үшін басқалардан кем қалмасын деп ол қаржыны беріп жатады.

...