0 дауыс
5.6k көрілді
Ногай ордасы мен Абилкайыр хандыгынын 2 айырмашылыгын, 2 уксастыгын жазу керек

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)

XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани әулетінің екінші бір тұқымы Мұстафа хан Атбасарда, үшінші бір тұқымы Махмұд Қожа Тобылда. Маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура өңірінде билік еткен. Жазба тарихи дерекетерде бұл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар үнемі болып тұрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.

Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген түрік-моңғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста – Жайыққа, шығыста – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Жошы әулеті – оның ішінде Ибак-хан, Береке-сұлтан, Ұрыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары – Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасырдың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында Шайбан ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Ол Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Турадан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі – Мұстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.

Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алуы ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілхайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілхайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы 1456–1457 жылдардағы Әбілхайырдың Үз-Темір-Тайшы басқарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы талан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшақ даласына кетуге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Әбілхайыр Сырдария бойындағы бұрын өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды. Осы жерден Әбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа кетіп бара жатқанда кенеттен қайтыс болды.

Ішкі және сыртқы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбан әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпақтары өкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін басып алды.
Ноғай ордасы

Алтын орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттің бірі-Ноғай ордасы. Ол 14- 15 ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты.Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі,әскерінің қолбасшысы,Жошы ханның немересі,(1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамвндағы рулар Касспий маңына қоныс аударып,Ноғай елі атанды. Ноғай ордасының негізін салушы-Әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411),ұлы әмір атанған». Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған,Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай ордасы Алтын Ордадан 15 ғ.ортасында бөлініп,дербес мемлекет болды.Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы- Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы- маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б сияқты түрік тайпалары. Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды,оған енген тайпалар 15ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қадыптасып,бір орталыққа бағынған өкімет болды.Орда билеушісі-хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп,ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып,алым-салық төлеп отыруға,соғыс жорықтарына қатысға міндетті болған.Орданы Едіге ұрпақтары басқарды.Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік,әскери,елшілік билік, князьдің қолында болды.Ордада жорыққа Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі,Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты.Ноғайлар тарихы,әсересе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын,Ембі мен Сырдарияның арасында көшіп ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құрдаласып байланысып жатқан.Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды.Ноғайлардың солтүстік шығыстағы өріс қоныстары Сібірге дейін созылып жатады,ал оңтүстік шығыста олар кейде Сырдария бойында Арал теңізі жағасында көшіп жүрген.Олардың билеушілері Уақас би маңғыт,Мұса мырза,Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі.Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып одақ құрып отырған Ш.Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған.Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы атанған. 16ғ. Ноғай ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,саяси байланысы дамыды.16ғ.2 жартысында Ноғай Ордасы ыдырап еліге Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлнді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына соның ішінде Кіші жүз құрамына енді.Осылайша Ноғай Ордасы мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Толығырақ: http://engime.org/1-azastan-tarihi-kursini-peni-masati-men-mindetteri-azastan-ta.html?page=4

Хан болуға елжұрты ақ кигізге көтеру қажет.  Ақ орданың ханы болуға Шайбандарды кім қолдаған? мүмкін емес..
...