0 дауыс
769 көрілді
Караторгайдын ерекшелиги  Дерек еди

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қараторғай - өте тамаша әнші құс. Әр жылы көктемде қанатты достарымыз - қара- торғайларды ұя жасап қарсы алу дәстүрге айналған.

Қараторғай Қазақстанның көп жерлерінде кездеседі. Ол жыл құстарының қатарына жатады. Суық түсе бастаған кезде-ак оңтүстік аймаққа ұшып кетеді де, көктемде туған еліне бірінші болып қайтып оралады. Алғашкы келген кезде көпшілік уақыттарын далада, өзен аңғарларында, бау-бақшаларда жүріп, күні бойы өздеріне қорек іздейді.

Сәуірдің басында ұя салатын жерді ыңғайластырады. Бау-бақша ішіндегі ескі ағаштардың қуысын, өздеріне арнайы жасалынған ұяларды меншіктейді. Көп кешікпей акшыл көк 5-6 жұмыртқа туып, басып шығарады. Балапандары өте қомағай келеді. Ата-енесі оларға таңертеңнен қараңғы түскенге дейін дамылсыз тамақ тасиды. Бір аналық торғай күніне 200 реттен артық қорек іздеуге ұшып шығады. Ол балапандарын қоңыз немесе оның дернәсілдері, жалаңаш шырыш, т.б. жәндіктермен қоректендіреді. Сонда караторғайдың бір ғана жанұясы күніне 2 мыңнан артық әр түрлі зиянкестерді кұртады екен.

https://www.uniface.kz/interfacts/index.php?post=article&id=243

...