0 дауыс
1.6k көрілді
3-4 жас баланың құлағы ішінде тас сияқты былық қатып қалған ана ухочисткамен тазалағаннан болар деп ойлаймын. Соған ана сүтін тамызса былығы жібіп шшығады ма екен????

2 жауап

+1 дауыс

«Бас ауырса – цитрамон,  тіс ауырса – пенталгин ішеміз. Алайда құлақ бітеліп, шаншып ауырса не істейміз? Жасыратыны жоқ, мұндай жағдайда біріміз құлағымызды мақтамен  тазалаймыз.  Ал енді біріміз сыртын  спиртпен сүртеміз. Бірақ,  мамандар қандай жағдай болмасын құлақты өз еркімен емдеуге болмайтынын ескертеді. Себебі құлаққа бактерия, вирустар түсіп, құлақ қуысын қабындырады.  Сөйтіп, есту қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Суға шомылу, тұмау тию, құлықтың қатуы құлақ ауруының бірден-бір себебі. Сондай-ақ, құлақ  — бас шайқалуы,  бас-сүйек жарақаты, ми қыртысының қабынуы,  қан тамыры берішінен (склерозға)  де ауырады. Шымкент қалалық №1 емхананың оториноларингологы Жанат Ташінбетованың айтуынша,  соңғы кезде қала тұрғындары арасында құлағы ауырып, есту қабілеті төмендеу жиілеген. Олардың көбісі 15 жасқа дейінгі балалар екен.

Ортаңғы отит

Жанат Жүрсінбайқызының мәліметінше, балалар арасындағы құлақ ауруларының ішінде ең жиі кездесетін түрі- ортаңғы отит. Қарапайым тілмен айтқанда  ортаңғы құлақтың қабынуы. Ол көбіне балаға суық тигеннен пайда болады. Тұмау, қызылша, баспа сынды инфекциялық аурулардың асқынуынан дамиды.  Себебі,  жұтқыншақ пен құлақтың тоғысатын арнасы бір. Ол – «евстахий түтігі». Сондықтан да барлық инфекциялар,  бактерия-лар, вирустар осы түтік арқылы құлаққа өтеді. Нәтижесінде түтік қабынады, ісінеді және шырышпен бітеледі. Ал бактериялар мен вирустар ортаңғы құлақтың қуысына жайғасып, өсіп-өне бастайды. Бұл ортаңғы құлақтың  қабыну процесін тудырады. Қабынған құлақ солқылдап ауырады, дене қызуы көтеріледі (38-40С), мұрын бітеді немесе  су ағады, түнгі ұйқы бұзылады, құлақтан ірің (бұлақ) ағады, дабыл қуысына ауаның келуі қиындап, дыбыс өткізгіштік қызметі бұзылады. Егер қабыну процесі біршама уақытқа  созылса, ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болып, құлақ көмескі еститін болады.

Созылмалы отит

Жедел ортаңғы құлақтың қабынуын дер кезінде емдемесе, арты созылмалы ауруға ұласуы мүмкін.  Мұндай жағдайда ортаңғы құлақ қуысында желім сияқты қоймалжың сұйық жиналып, ол «eвстахий түтігінің» тесігін бітеп тacтaйды. Саңылаулары бітелген мүшенің есту қабілеті нашарлайды, құлақ ауырады, бітіп қалғандай сезім пайда болады. Алайда созылмалы (секреторлы) құлақтың қабынуы тез әрі өз бетінше жaзылып кетеді. Бірақ мұрынға кілегей қабaттың ісінуін басатын арнайы дәрі тамызған дұрыс. Кейде ортаңғы құлақты қою сұйықтықтан тазарту үшін кішігірім ота жасауға тура келеді.

Мамандар жедел және созылмалы ортаңғы құлақтың қабынуы көбіне  6-12 жастағы балалар мен 5-7 жастағы жеткіншектерде жиі кездеседі дейді.  Себебі олардың «евстахий түтігі» қысқа әрі тар болатындықтан, құлақ оңай бітеліп қалады.

Құлақтың сыртқы қабынуы

Ал, жасөспірімдер арасында сыртқы қабыну жиі кездеседі екен.  Құлақтың сырттан қабынуы  сыртқы есту түтігінің  немесе құлақ жарғағы терісінің қабынуынан болады. Құлақ жарғағы терісінің қабынуына құлаққап та әсер етеді.

– Табиғатында құлақ тыныштықты қалайды.  Ал құлақтағы құлаққап күні бойы «тарс-тарс» етіп тұрады. Осы дауыстар құлақтың жүйке тамырларына әсер етеді. Кейін құлақта бітпейтін шуыл пайда болады. Осылайша, құлақтың қызметі бұзыла бастайды. Балалар құлаққаптың зиян екенін білсе де, мән бермейді. Айтайын дегенім, құлақтың қызметі бір күнде бұзылмайды. Бірте-бірте нашарлап, күндердің күнінде есту қабілетінен айырылады, – дейді маман.

Құлықтың да пайдасы бар

Дәрігер Жанат Жүрсінбайқызы, құлықтың (ушные серы)  құлақты түрлі шаң-тозаңнан, микробтардан, түрлі инфекциялардан  қорғайтынын, шағын зақымданудан сақтайтынын, оның құрғап кетуіне бөгет болатынын айтады.  Демек құлақты жиі шұқи беруге болмайды. Әсіресе, басына мақта оралған арнайы таяқшаларды қолданбаған абзал. Өйткені  олар құлақ қалқанын ғана тазалауға қолайлы. Егер ішке көбірек кіргізіп жіберсеңіз, құлықты тіпті ары қарай енгізіп жіберуіңіз мүмкін. Сондықтан да,  мұндай кезде құлақтың есту арнасын таза ұстауға көмектесетін арнайы тамшыларды пайдаланған дұрыс.

Алғашқы жәрдем

– Құлақ көбіне түнде ауырады. Дәкені сіріңкенің бойындай етіп, қиып, Левомицитин спиртіне (0,25%) малып аламыз. Спирт сіңген дәкені құлақтың сыртқы жағына қоямыз. Осы емді күніне 2-3 рет қайталаймыз. Бірақ, құлаққа құюға болмайды. Күйдіріп жіберуі мүмкін. Ал 1 жастан асқан балаларға Ципромедті ұсынамын. Сұйық дәріні қолмен жылытып, күніне 4-5 тамшы 3-4 рет тамызған жөн. Мұрынға Проторгол (2%) деген дәріден 4-5 тамшы тамызамыз. Дегенмен бұл ем түнде құлақ ауырған кезде аурухана, дәріхана есігі жабық тұрған кезде жасалады, – дейді Жанат Ташінбетова. Сондықтан маман құлақ ауруын өз бетінше емделуге болмайтынын ескертеді. Осыны есте ұстаған дұрыс.

Аурудың алдын алу

– Баланы мүмкіндігінше емшектен шығармаңыз. Себебі сәби үшін емшек сүті иммунитетті күшейтетін, ағзаны түрлі дәрумендермен толықтыратын табиғи тағам саналады. Ортаңғы құлақ инфекциясын, құлақ қабынуларын болдырмайтын да осы ана сүті.  Әсіресе, алты айға дейінгі балалар тек емшек сүтімен тамақтануы қажет;

– Егер сәби бөтелке арқылы қосымша тағамдармен қоректенсе, оны шалқасынан жатқызып тамақтандырмаңыз. Өйткені мұрнына кеткен сүт құлаққa инфeкция түcіруі мүмкін;

– Балаға суық тиіп, тұмауратып қалса, мұрны бітсе, мұрнын қатты сіңбіртпей, жәй ғана орамалмен сүрткізу қажет. Себебі қатты сіңбірген кезде жарғаққа әсер етуі мүмкін немесе мұрындағы сұйық құлақтың ішіне түcуі мүмкін;

– Баланың мұрнын инесіз шприцпен де сорып тазартуға болады. Мұрнына тұзды су тамызып, маңқаны сұйылтуға да болады. Сондай-ақ ана сүтін мұрынға аздап тамызған да пайдалы. Ол мұрынның ішіне қатқан маңқаны жұмсартып, сыртқа шығуға көмектеседі;

– Балаңызға тұмау жұқтырып алмаңыз. Күн суытқанда мұрнының айналасына оксолин жақпасын (мазь) жаққан дұрыс немесе баланың бөлмесіне, бесігіне, тіпті, киімінің бір жеріне сарымсақ тағып қойған да пайдалы;

– Тұмауратқан баланы басқа балалардан бөлек ұстау керек. Сондай-ақ тұмауратып ауырған баланың тұтынатын заты да бөлек болғаны жөн.

Толығырақ: https://kz.otyrar.kz/2015/07/%D2%9B%D2%B1la%D2%9Bpen-ojnau%D2%93a-bolmajdy/

0 дауыс
Персиковое масло или вазелиновые масло тамызсаныз болады)
...