0 дауыс
3.5k көрілді
Саламатсыздар. Тусимде кайтыс болган акемди кордим. Колында бир бурышы кемирилген акша устап тур. Курылыс заттар дукенинде тур. Сатушы сыныптас жигит. Бирак, ол жигит омирде мугалим.
Әкем де жуықта қайтыс болды.  (((   ..  Түсіме кірсе екен деймін...

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Егер түсіңізде қайтыс болған әкеңізді, атаңызды, анаңызды не әжеңізді көрсеңіз, бұл қиындықтардан арылатыныңызды аңғартады. 

Жаныңда тірі жүрген адамдар түсіңізде бақилық болса, олардың ұзақ өмір сүретіндгінің белгісі. 

Қайтыс болған адам сізді ұрып жатқан болса, ол сіздің күнәлі іске барғаныңызды аңдатады.

Егер қайтыс болған адам түсіңізде жаман әрекеттерге барса, ол сізді дәл осы әрекеттерден сақтандырғанын білдіреді.

Қайтыс болған адам отбасын құрмаған болса, жақын арада үйленетініңіздің белгісі. Ал егер қайтыс болған адам отбасылы болса, жақындарыңыздан алыстауыңыз немесе ажырасуыңыз мүмкін.

Бақилық болған адам түсіңізде игі іс жасаса, бұл сіздің де осы істі жасауыңыз керектігінің нышаны.

Қайтыс болған адам түсіңізде тірі жүріп, жағдайы жақсы болса, бұл оның о дүниедегі жағдайының жақсылығын аңғартады. 

Егер түсіңізде қайтыс болған адаммен құшақтасып, сөйлессеңіз, ғұмырыңыз ұзарады. 

Түс көруші қайтыс болған бейтаныс адамды сүйсе, күтпеген жерден бақыт пен байлыққа кенелуі ықтимал. Егер қайтыс болған танысын сүйсе, ол адамнан білім үйреніп немесе артында қалған байлығын иемденуі мүмкін.

Түсіңізде қайтыс болған адам жақсы әрі таза зат ұсынса, ол - өміріңізде күтпеген жерден қуантарлық және қайырлы затқа ие болатыныңыздың белгісі. Ал егер ұсынған зат кір болса, алдағы күндері жаман әрекетке баруыңыз мүмкін.

Қайтыс болған адам түсіңізде мешітте жүрсе, ол адамның жаны тыныш тапқандығын аңғартады. Себебі түсте көрген мешіт - тыныштық пен қауіпсіздіктің белгісі. 

https://forum.stan.kz/508/kaytis-bolgan-adam-tusime-ense-ne-boladi

...