0 дауыс
286k көрілді

Қалай ойлайсыз Талапбек Сұлтанбековтың "Көшпелі алтын" атты ғылыми-фантастикалық əңгімесінің идеясы қандай? Адамгершілік тұрғысынан талдасақ қандай? 

Жауаптарыңызға рахмет.

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ әдебиеті тариxындағы ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтың кезекті әңгімесі "Көшпелі алтын" да оқырмандарын қиялға, арманға жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.
+1 дауыс
Көшпелі алтын шығармасы  -  қазақ тарихындағы ғылыми фантастикалық шығармаларының ең ірісі. Шығарма жай фантастика ғана емес, халық аңыздарына сүйеніп жазылған. Бұл шығарманың ерекшелігіде осы.
Жалпы шығарманың сюжеті: көшпелі алтынды көрген Сәменнің жолдасымен бірге сапарға аттанып, таңғажайып дүниелерді бастан өткеруі мен соңында жұмбақты шешуі. Шығарма қиял-фантастика мен сондай ақ ғылымға сүйеніп жазылған. Міне осы ғылымды мен адамгершілікқұндылықтар қатарына жатқыза аламын. Көшпелі алтын шығармасыда ғылым негізінде өрбиді. Жіне тағы бір тілге тиек етер құндылығы: аңыз, қиял-фантастика. Шығарманың негізі де осы фаньастикадан тұрады. Ал ендігі шығарманың материалдық құндылығына келсек, бұл әрине аты айтып тұрғандай "алтын". Алтын бұл құнды заттарға жататындықтан адамгершілік құндылыққа жатқызуға болады.

Адамгершілік құндылықтарды айта берсек өте көп. Ал осы шығарма барысында мен басты үш құндылық таптым. Екеуі ой-сана құндылығы болса, біреуі заттық құндылық. Яғни бұл фантастикалық әңгіменің тақырыбы да сюжеті де адамгершілік құндылықтарды айшықтайды.
0 дауыс
Көшпелі алтын деген фантастика емес. Бала күнімде өз көзіммен көргенмін. Басында кішентай жылан деп ойладым. Бірақ қатты жарқырап, жарық шашып тұрған соң, ерекше бір нәрсе екенін түсіндім. Жалғыз болғандықтан ұстауға қорықтым. Үйге кіріп әкемді шақырып әкелгенімше жоқ болып кетті. Сол кезде “көшпелі алтын” болатынын әжем  айтты. Ұстамағаның дұрыс болған, қолың күйіп қалатын еді-деді.
0 дауыс
Көшпелі алтын фантастикалық жанрда жазылған. Үш бөлімнен тұрады: Таудағы от, Шаитантауға сапар және Үңгірдегі сыр. Сәмен атасы айтқан аңыздың сонынан қуып шайтантауға сапар жасайды.Ол жерде зерттеу жасап нағыз байлық білім ғылым екеның түсінеді.Аңыз жоққа шығарылып найзағай көшпелі екенің түсініп жұмбақтын шешымін табады. Мәтінің басты идеясы ғылымның табиғи сырына үнілуге,адам миы арқылы оның құдыретті күшін танып білуге,тіпті оны тізгіндеп бағындыруға болатының айқындайды. Екі құндылыкты байқауға болады:ой-сана құндылығы, заттық құндылық
0 дауыс

Қазақ әдебиеті тариxындағы ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтың кезекті әңгімесі "Көшпелі алтын" да оқырмандарын қиялға, арманға жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды

...