Қызыммен қалай қайта қосылсам болады?

0 дауыс
689 қаралым
Қызыммен айырылсып кеттік менің қайта қосылғым келеді не істесем болады

Қызыммен қайта қосылғым келеді

Қызымды қатты жақсы көремін
• Санаты: Махаббат

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Реніш не себепті пайда болды соны өзіңіз үшін анықтап түсініңіз. Ары қарай сол түсінік бойынша әрекет етерсіз. Бірақта бір мәселені шешерде эмоцияға берілмей жағдайды мимен шешкен дұрыс. Эмоция үстінде айтқан немесе жасаған қылығыңызға  уақыт өте келе өкініп қалуыңыз мүмкін. 

Ең дұрыс шешім оған да сізге де ойыңызды жинақтауға уақыт беріңіз. Эмоциялық тұрғыда қалыпқа келген соң асықпай бетпе-бет сөйлесіңіз. Қазір қайтарып алмасам кешігіп қалам деп ойлап, асығыс шешім қабылдау қажет емес. Сіздің әрекетіңіз айрылысу кімнің қателігінен болғанына байланысты болу керек. Егер қателік сізден емес болса оның өз қатесін түсініп ойлануына уақыт беріп, біраз араласпай қоя тұрғаныңыз абзал. Кейде адам өз қатесін түсініп тұрса да серігінің шектен тыс мазалай беруінен құтылғаныма шүкір деп бас тартып кетуі мүмкін. Өз-өзіңізді құрметтеңіз және сенімді болыңыз, сонда барлық істі дұрыс ойлап дұрыс жасайсыз деп сенем. Ал әр істі қадам бойынша айтып отыру бұл жағдайға сай келмес, себебі сіздердің ара-қатынастарыңыз, себептеріңіз маған беймәлім. 

Ұқсас сұрақтар

127,752 сұрақ
322,321 жауап
153,150 пікір
72,777 қолданушы