0 дауыс
18.0k көрілді
Ойтолғау деген не оны қалай жазады сол туралы эссе керек еді?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Толғау жанры әдебиетіміздегі ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алады. Толғау өлеңде ақындар өмір туралы, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б тақырыптарда ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой қозғайды. 

Толғау жанры қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең тараған. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар "санатна-сыятырлар", құмықтар "ойлу йырлар", башқұрттар "қобайыр" деп атайды. Ноғай мен құмық әдебиетінде ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген 13 - 14 ғасырларға сәйкес келеді. 15 - 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, өзінің жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Көрнекті өкілдері - Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Дулат, Махамбет, Базар т. б. Бұл жанр хандық дәуірде аса зор идеологиялық мәнге ие болды. Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси философиялық тақырып ерекше орын алады. Негізгі бейнелеу тәсілі - дидактика. Толғауда кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Құрылысы тирада пішінді, буын саны аралас, кейінгі даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, біртіндеп тұрақталған. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті. Бір мақам мен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде орындалады. 

«Әдебиет танытқыш» толғауға (лирикаға) мынадай шарттар қояды: «айтатын нәрсесін толғаушы ішкергі ғаламнан алады; ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіру мақсатпен толғайды. Толғау – іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі» десе, М.М.Бахтин: «Жанр в свою очередь определяется предметом, целью и ситуацией высказывания. Форма авторства и иерархическое место (положение) говорящего (вождь, царь, судья, учитель, отец, сын, брат и др.). Соотносительное иерархическое положение адресата высказывания (подданный, ученик, сын). Кто говорит и кому говорят. Всем этим определяется жанр, тон и стиль высказывания: слово вождя, слово учителя, слово отца и т.д.» деген ойды алға тартады. 

Ахмет Байтұрсынұлы толғау түрлерін өзінше жіктеген. Атап айтсақ: сап толғау, марқайыс, налыс (мұңайыс), намыстаныс, сұқтаныс, ойламалдау. Ахмет атаған толғау түрлері әлі де арнайы зерттеуді қажет етеді. 

Қазақ ұлтының өзіне ғана тән бірнеше сөз арнау дәстүрі бар. Толғау мен терме соның бір көрінісі. Халқымыз ықылым заманнан келешек тағдырына алаңдаушылық білдіргені тарихтан мәлім. Келешек тағдыры дегенде ел мен жерді, ұрпақ тәрбиесін, тілді, дінді айтып отырмыз. Осы қасиеттердің ұрпақ санасына сіңіріп, атадан балаға мирас қылып қалдыру дәстүрге айналған. Осы мақсатта терең мәнді терме, толғаулар өмірге келді.  

Толғау мен терменің табиғатын ажыратуға арналған тұңғыш зерттеу Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі болды. Аталған еңбегінде ғалым толғау мен термеге анықтама беріп, ара жігін ажыратуға талпыныс жасайды. Бұл туралы жоғарыда айтып өттік. 

ХІХ ғасырға дейінгі қазақ ақын-жырауларының мұралары толғау деп аталып келеді. Ал терме атауы ХІХ ғасыр ақындарының шығармаларына байланысты қолданысқа енді. Бірақ соған қарап ХІХ ғасырға дейін қазақ сөз өнерінде терме болған жоқ деген пікір туындамайды. Өйткені, ғайыптан ешнәрсе пайда болмайтынындай, оның да алғашқы бастамасы болуы шарт. Олай болса терменің шығу төркінінде қандай да бір бастама болуы тиіс. Егер А.Байтұрсыновтың толғау жайлы берген анықтамасына сүйенер болсақ, ХҮ–ХҮІІІ ғасырдағы жыраулардың толғауларының басым бөлігі толғаудан гөрі термеге жақын. Мәселен, Бұхар жыраудың «Тілек» деп аталатын толғауы бір нәрсе төңірегінде айтылмай, бірнеше мәселені қамтып кетеді. Бірақ соған қарамастан «Тілекті» толғау деп атап жүрміз. Осы сияқты мысалдар баршылық. Демек, терме, толғау жанрлары ғасырлар бойғы даму сатысында тақырыптық, жанрлық жағынан кірігісіп, өздерінің бастапқы ерекшелігінен ажырап қалған. Яғни, сыртқы пішіні мен мазмұны өзара үйлесіп, бастапқы кездегі терме толғау деген атауды иеленіп кеткен. Әрине, бұл - нақты кесіп, пішкен тұжырымы деп айтудан аулақпыз. Осы жерде қазақ жырауларының байырғы мұраларын терең талдап, олардың шығармаларын жанрлық жағынан екшелеу қажет деген ойға келеміз. 

Бүгінгі тақырыбымызға тұздық ретінде Дулат Бабатайұылының "Ақындық туралы" атты тамаша толғауын мысалға алайық. Ақын "Сары алтынның буындай, тұманың тұнық суындай... сорғалаған нөсердей" жырында: 

Қайырсыз, сараң байыңды,  

Еріншек, есек жарыңды,  

Халыққа емес сыйымды,  

Парақор баспақ биіңді,  

Ел бүлдіргіш бегіңді  

Улы тілмен улаттым. 

Сана беріп ойына,  

Қуат беріп бойына,  

Аққан жасы сел болған,  

Етегі толып көл болған,  

Беріш боп шері байланған, 

Ұйқы беріп, кайғы алған,  

Қайғылыны уаттым... –  

деп сипаттайды. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындық мұратын — ел бүлдірушіні "ұлы тілмен улату", "қайғылы қалын елін уату" деп, әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы осы екі арнаның тоғысуынан тұрады.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22561/

...