+3 дауыс
1.5k көрілді

...Референдум шырғалаңы аяқталып үлгерместен, Сайлау науқаны басталып кетті.  Елбасыдан басқа кандидаттар айқындалып, өз сайлау алды бағдарламаларын ұсынуда. 2012 жылғы сайлауды күткен кандидаттар тағдыры белгісіз, қанша үміткер болатыныда белгісіз, бұрыннан көпшілік БАҚ-та "сайлау әділ өтпейді" деген пәтуалар айтылып та, жазылып жатыр..... 

Сайлауға қатысасың ба!

Сайлау әділ өту үшін, әрбір Қазақстандықтар сайлауга қатысуы керек. Сайлауға барыңыздар, қатысыңыздар, Сіздің дауысыңыз маңызды. Себебі ол Сіздің өміріңізде еліміздің  болашағына қатысты бір рет берілетін дауысыңыз, оған  жауапсыз қарамаңыз. Сіз үшін ТАҢДАУДЫ басқаның шешуіне мүмкіндік бермеңіз. 

Сұрақтың жабылу себебі: Жауап беру уақыты өткен.

12 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Міндетті түрде қатысамын! Себебі, дауысымның әлдебіреулерге кеткенің қаламаймын.
+3 дауыс

Кішкентай кезімде "қашан 18-ге толып сайлауға қатысамын"- деп асыға тосушы едім, енді міне бірінші рет сайлауға қатысқалы жүрмін. Әрине, сайлауға қатысу кәмелеттік жасқа толған адамның міндеті, сондықтан өз таңдаған адамыңа қолдау көрсету керек. Бұйыртса өз басым ел көшбасшысы - Н.Ә.Назарбаевқа дауыс бергім келеді.

+5 дауыс
Мен қатысамын,1 дауыс болса да,шын болсын!
Шын болсын?
Адамдар жеке пікірді-  қоғам пікірі деп түсінеді. Өтірікші өтірік айтпаймын дейтін секілді, шындыққа илану-табиғи құбылысқа жақын. Тек өзің сарала.....
.
+5 дауыс
Қатыспаймын. Кандидатурамды ұсына алатындай жасқа әлі жеткен жоқпын. Дауыс беру жағын сұрасаң, оны көре жатармыз :)
Үндемегенің келіскенің секілді, Дауыс бергенің - қатысқаның. Омар бырат інім, "көре жатармыз" - баратындығыңның белгісі болғай, Кімге дауыс бергеніңді айтпасаң айтпа, бірақ барғаныңды осы жерде білдіріп кетерсің....
+5 дауыс

Барсам да, бармасам да - жауап біреу. Қолым тисе, соғып кетермін.

Ниетіңді, жауабыңды әділ бер де, жан-жағың, ағайын тумаңның сол сайлауға қатысуын қадағала,  сонда жауап сен қалағандай болар...
+3 дауыс
сайлау қызық емес сияқты елбасы білгенін істеп былығын шығарып жатыр
Былық дегеннің барлығына бір адамды кіналауға болмас.Сайлауға қатыс.
+2 дауыс
Мен учаскелік сайлау төрағасы болғам,қазір комиссия мүшесіне ауыстым,Назарбаевқа дауыс берем!
Комиссия мүшелерінің  дауыс санауы  қалай өтеді? Бұрын сайлау төрағасы болсаңыз процесті қысқаша түсіндіріп өтсеңіз?
+3 дауыс
мен катыспаймын 18 ге толган жокпын гой
Акерке қарындасым, сен сайлауға қатысатын кезде заман талабы сайлауды қажет етпейтін болып қалмасын...))) Қалжың ғой, айып етпеңіз.

Ал негізі 18 ге толмаған жастардың да болашақтан дәмесі зор болуы керек, себебі бүгінгі бала, ертеңгі аға.
+3 дауыс
Ардақ сіз президенттің туысқанысыз ба а?
Ия, егер бір мемлекеттің ішіндегі барлық  қазақстандықтар туысқан болса...))))))))))))
+3 дауыс
Әлбетте ол менің, елімнің болашағы!
Бұл сөз жазылғанынан гөрі айтылғанда, жарқын естіледі...))) Кімге дауыс беретініңмен бөліспейсің бе?
0 дауыс
Елді ақымақ қылған Назарбаевтың, Нұротанның кезекті бір спактакль сайлауына ешқашан қатыспаймын.
0 дауыс
Менің жасым әлі 18-ге толған жоқ, 18-ге толсам сайлауға қатысам!
...