Көркем әдебиет стилінде көркемдеуіш құралдар молынан қолданылады. Солардың ішінде эпитет пен теңеу актив қолданысқа ие. Соның ішінде ерекше байқалатын стилистикалық амал-тәсіл – теңеу. Теңеу – ерекше стилистикалық тәсіл, мәтінде көрнекті орын алатын әсерлі сөз. Әсерлі сөз стилистика ғылымында эмоционалды-экспрессивті лексикаға да және көркем ойға, мазмұнға құралған сөйлемге де байланысты айтылады. Теңеудің семантикалық-стилистикалық мәнін айқындайтын амалдардың қатарына метафора, эпитет, метонимия, синекдоха, гипербола, синоним теңеулерді жатқызады, сондықтан жасалу жолдарын бірнеше топтарға бөліп көрсетеді. Теңеудің көркемдік сипаты көркем әдебиетте, ауызекі сөйлеу стилінде ұқсату әрі бейнелілікке құралады. Теңеудің керкемдік сипаты көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеу стилі және публицистикалық стильде ұқсату мен бейнелілікке құрала отырып, адресанттың айналасындағы зат құбылыстың субьективті, обьективті теңелетін заттардың жалпы сипатын санада сақталған. Теңеумен қатар көркем шығармаларда эпитеттер де белсенді қолданылады. Эпитет дегеніміз - затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Сонымен қатар бұл екі тілдік құрал (теңеу, эпитет) безендіруші стилистиканың негізгі көркемдеуіш құралдарына жатады.
Мына өлең бойынша: Жетіқарақшы айналып
Сені іздеп жүр,
Бәрі де сені ойлап,
Мас болып сандалып.
Үркер мен Таразы
Шашылды шашуға,
Шолпан да қарады
Мауқын бір басуға.-деген жолдарды мысалға келтіруге болады.