+1 дауыс
784 көрілді
Жоспар жасап, сонымен өмір сүресіз бе? Қалай жоспарыңның бәрін ерінбей орындауға болады? Өміріңізді жоспарлап өмір сүресіз бе?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жоспарсыз алға жылжу мүмкін емес. Адамның жоқ дегенде 5 жылдық жоспары болуы тиіс. Жоспарды қалай құру керек? Оны қаншалықты орындап жүрсіз?

 Күндік жоспар. Күніңіздің босқа өткенін қаламасаңыз бір күндік жоспарыңыз болсын. Таңертең ұйқыңыздан ерте оянып, тамақтанып алған соң бірінші атқаруға тиіс дүниеңізге кірісіңіз. Одан кейін бірте-бірте келесілерге өте бересіз.

  Апталық жоспар. Апталық жоспарыңыз ауқымды болмаса да оның іске асуын жіті қадағалаңыз. Бірден үлкен іс тындырам демеңіз, үлкен істер кішкентайдан басталатынын естен шығаруға болмайды. Апталық жоспарыңыздың қаншалықты іске асқаны күндік жоспарыңызды қалай орындағаныңызға байланысты.  Айлық жоспар. Айлық жоспар дегеніңіз сіз үшін көлемді болуы шарт емес. Маңыздысы ынтаңызды жоғалтып алмау. Күнделікті жоспармен жүруден шаршадым деп бастаған ісіңізді тастамаңыз. Күндік, апталық жоспарыңыздың орындалғаны айдың соңына жеткенде көрінеді.   Сол бағытта әрекет ету қажет.  Қатып қалған қағида деп қабылдамаңыз, бұдан көп нәрсе ұтасыз:  Біріншіден – күніңіз босқа өтпейді. Екіншіден – тиянақтылыққа тәрбиеленесіз.  Үшіншіден – белгілі бір межеге жетесіз.  Жоспар құру бар да, оны орындау бар. Демек, құру бөлек те, орындау бір бөлек. Күнделігіңізге яки блокнотыңызға кесте сызып, ойға алған жұмысыңыздың тізімін жазып қойыңыз. Әр орындалған іске белгі қойып отырыңыз. Бір ескере кететін жайт, жоспарыңыз қағазға түспесе орындалып-орындалмауы неғайбыл. Сондықтан қағазға түсіріп, сол бойынша әрекет етіңіз. Менің қолымнан келмейді деуден аулақ болыңыз. Өзіңізді жеңе біліңіз. Жігерсіздікке салынбаңыз. Айналаңыздағы достарыңыздың барлығы сізге өмірде дос болғанымен, істе (оқуда, жұмыста) бәсекелес екенін ұмытпаңыз! 

 

керемет жауап. Ренжімесеңіз , жекеге хат жіберсем оқисыз ба?
...