+1 дауыс
390 көрілді
Қазіргі БАҚ хайп қуып кеткен бе? Бастан кеткен ба? Бізде ұлт идеологиясы бар ма өзі?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Менің ойымша тек БАҚ өкілдері ғана емес,  өнер тұлғалары да, қарапайым халық арасынан жекелеген азаматтар да сәтін салса жарқ етіп ел көзіне түсіп қалуға әуестеніп кеткендей. Себебі, көзге түскен (мейлі жақсы ісімен болсын, анайы қылықтарымен болсын) азаматтардың берген сұқпаты мен қатысқан бағдарламаларының қаралымы жоғары болады, оны жай ютуб желісіндегі қаралым сандарын бақылап аңғаруға да болады. Ал осы қаралымды жасайтын халық, өз елімізде аталған шоулар жасалмаса шет елдік бағдарламаларды қарап жүре беретін сияқты. Мысалы: Ерболат ағамыз да 91 тобын құрудағы идеясы осы болған. Өскелең ұрпаққа шет ел (кәріс) жігіттерінің әуенін тыңдатып, оларға сүйсіндірткенше өз еліміздің жігіттерінен стилі жағынан ұқсас топ құрып , жастарымызды "қазақ" тіліндегі әуен тыңдауына үлесін қосты деп білем. 

Не дегенмен жұмыс сұранысқа қарай атқарылатыны белгілі.Жоғарыда айтқандай, қаралымды жасайтын қарапайым халық, яғни қазіргі таңдағы халқымыздың көп бөлігінің білім деңгейі мен саналық даму деңгейі  осындай бағдарламалар мен жаңалықты тыңдаудан әрі  асалмайтын хәлде.

Әркім тек өз жеке басының қамын ойлап жүрген қазіргі кезіңде ұлт идеологиясы үшін жұмыс жасағанша , халық сұранысын қамтамасыз етіп, бәсекеде жеңіске жеткенді ғана  ойлап жүргендей кей БАҚ өкілдері. 

...