"Жамал-ескіліктің құрбаны" тақырыбына эссе қажет.

+1 дауыс
174k қаралым
Жамал-ескіліктің құрбаны тақырыбына эссе қажет☀️
Кітап, Әдебиет

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры еді. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің бақытқа жету жолындағы акыр күресі мен қиындыққа толы жолы суреттеледі. Шығарманың сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тынысы тіршілігін көрсететін иірімдерден бастап, қазақ қызының тағдырын шешкен әлеуметтік теңсіздік жағдайлары ашық көрсетіледі.

Ал осы романда нақты қандай түйткілді мәселелер көтерілген? Қазақ қызының рухани өміріне қатысты қандай оқиғалар орын алады?

Ескі заманның шырмауында қалған қазақтың көзін осындай қазақ қыздарының алдыға суырылып шығып, өз теңдігін сұрауы ашқандай болады. Алайда бұл шығармада тек қана ата ана қарсылығы емес, сонымен қатар қызды адам емес тауар ретінде көретін, оны қалыңмалға айырбастайтын ашкөз, сараң адамдардың бейнесі де ашылады. Мысалға, туған әкесінің билік үшін қызының өмірін күлге айналдыруы; оның сезімдерімен санаспай, бірін бірі жаралған қос ғашықты айырулы мен опасыздыққа жатқызар едім.

Менің ойымша, Міржақып Дулатов өз туындысында Жамал қыздың тағдыры арқылы, тар заманның шынайы бет бейнесін, халықтың сол кездегі жағдайының бәрін ашып көрсеткендей. Себебі, романда Сәрсенбай мен Жамал арасындағы, юай мен кедей деп бөлінген таптық өкілдердің арасында қарама қайшылықтар мен адамдардыңрузани жағынан емес, байлығына қарап бөлінуі, адами қасиеттерді бағаламауы шынайы көрсетіледі. Сонымен қатар, заманының кесірінен өзгерген әке мінезі осыған дәлел болады. Міржақып оны басында; « Момын, мал баққан кісі» деп суреттесе, бірте бірте ол да байлықтың буына масайрап, тіпті өз қызын табан астына салып, тағдырының күл талқанын шығарған еді.

Қорыта келе, халқының халі үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер М.Дулатовтың романында сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен салт санасы бір адамның тағдырымен байланыс тапқандай. Жамал қыздың басынан өткен оқиғалары арқылы біз, қазақтың сол кездегі рухани өсу жолы мен кері кеткен замана шындығын анық тани білдік.

0 дауыс
Эссе

Жамал - ескіліктің құрбаны.

Міржақып Дулатов қаламынан талай белді туындылар жарық көргені белгілі.Сондай аталмыш шығармаларының бірі - "Бақытсыз Жамал" романы.Ол қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет роман деген жанрлық анықтама қойылып, жарияланған прозалық көлемді туынды еді.

  Прозалық туындының сюжетіне тоқталып өтсем,оқиға Сәрсенбайдың бір перзентке зар болып Шолпанға үйленуінен бастау алады.Одан Жамалдың тууы, Жамалдың молдадан оқып,ұл балаша тәрбиеленеуі, әдемі бойжетуімен жалғасады.Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген есеппен Байжан баймен құда болуы еркін өскен Жамалдың жүзіне мұң сыйлайды.Бұған анасы Шолпан да қарсы болған еді.

Мен қайран атам малға сатқанына,

Бір тазды жалпақ елден тапқанына.

Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген

Мал беріп мені өзімсіп жатқанына, -

деп көздің жасын көлдетіп жүргенінде, бір тойда жас, оқыған, сыпайы, сұлу жігіт Ғалимен танысады.

  Екі ғашық бір-бірінің тілін тез тауып,хат алмасып жүріп,ақыры қашып кете барады.Байжанның келінінің кетіп қалуына орай жасаған аярлық әрекеттері, өтірік қағаз жасатуы шығармада оның жауыз,дүниқңыз жан екенін аңғартпай қоймайды.Ғали аяқ астынан ауырып қайтыс болып,Жамалдың жан жарасына айналады.Оқиға Жамал еріксіз Байжан босағасына келіп, Жұманнан көрген қорлық-зорлық, ақыры боранда адасып өлуімен аяқталады.

  Қортындылай келе айтарым,роман құрылымы жағынан ауыр әрі кейіпкерлері көп болмаса да сол заманның бүкіл елді жайлаған дертін көрсете алды деп білемін. Жамал ескіліктің, қараңғылықтың жетегінде кеткен ару қыз. Сол заманда көп қыздардың тағдыры осындай болғаны өкінішті...

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы