+1 дауыс
623 көрілді
Менің 3 жасар және айлық бөпем бар,айлық бөпем болған соң атасы мен әжесі 3 жасар баламды қастарына алып алды,солардың қасында ұйықтайды.  Көбінесе атасы ұйықтатады түстеде, түнде де бірінші атасы алып кетеді де ұйықтатады, бірақ көбінесе ұйықтамай сөйлеп жатқан дауыстарын, кейде жылап жатқан даусын, кейде атасынан ынғайсыз дауысын естимін. Қарап көрейін десем есіктерін жауып алған, тек дауыс шығады. Не істеп жатады біраз болды солай болғанына. Әжесі мен ұйықтатам десе атасы "өзім ұйықтатам,  сен киноңды көріп отыра бер"  немесе " сен шамалыдан соң келсей" деп жалғыз өзі алып кетеді. Енді неге олай айтады неге баламен олай оңаша қалғысы келеді, солай уайым болды, ешкімге айта алмайм, баламнан сұрайын десем ол толық дұрыстап түсіндіре алмады. Не істесем болады, өтініш бір нәрсе айтып көмектесіңіздерші! Өлім күдіктеніп, мүмкін дұрыс емес шығар менікі, бірақ сонда да күдігім басым болып барады

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазір интернет бетінде қазақша психология жайлы жазып жүрген Сая Бакимованың мына кеңестерін оқып көріңіз

Қазір өршіп тұрған мәселенің бірі - педофилия.
Балалар зорлығының 75 %-н туыстары мен таныстары жасайды. 90% жағдайда зорлықшыны бала да, ата-ана да біледі.
Шамамен бейнесі мынадай. Ондай адам:
- өз қатарластарына қарағанда балалармен уақыт өткізгенді ұнатады;
- топ ішінен біреуді бөлектеп, көбірек көңіл аударады, бала да өзін соғұрлым ерекше сезінеді;
- балаға себепсіз қымбат сыйлық/ақша береді;
- ванна/әжетханаға кіріп келеді;
- «балаға қарай тұрайын, маған тастап кетіңіз» деп өзі ұсынып тұрады;
- баланың жыныс мүшелеріне «кездейсоқ» қолы тиіп кете береді;
- баламен екеуара құпиясы, сыбырласулары көп болады;
- баламен отырған бөлмеге есік қақпай кірмесін деп бұйырады;
- баланың жыныстық дамуына қызығушылық танытады (саған қандай ұлдар ұнайды? сен біреумен сүйістің бе? тб.)

- физикалық контактты жиі жасайды (сүйеді, құшағына ұзақ қысады, қытықтайды, тізесіне отырғызады, шымшиды, тб);
- ересек адамдардың жыныстық өмірі жайлы айтады;
- баланың жыныстық тартымдығын әзілдеп бағалайды (фигураң әдемі, бәрі сені сүйгісі келетін шығар, тб);
Баланың дамуында бірдеңе дұрыс болмай жатқанын білу үшін бірінші қалыпты даму жайлы білу керек.
0-5 жас аралығындағы бала жыныстық мүшесін өзінің түсінігіне сай атайды. Өзінің, басқалардың денесін қызықтап қарағаны, қатарластарына көрсеткені қалыпты. Осы арқылы дұрысында қалай болуы керек, мен дұрыспын ба деп «маңызды» сұрақтарына жауап іздейді. Бала қайдан пайда болады деп сұрайды.
Ал 0-5 жас аралығында ересекке тән жыныстық әрекет көрсетсе, жыныстық қатынас не екенін жақсы білсе, «үлкендердің» сөздерін пайдаланса, жыныстық қатынасқа имитация жасаса, бір әрекетімен көрсетсе - бұл қалыпты емес.
6-12 жас арасында қалыпты дамып жатқан бала жүктілік, етеккір, ересек адамның жыныстық әрекеті жайлы сұрақтар қоя бастайды. (неге сүйіседі, әйел адамның ішіне сперматозоидтар қайдан түседі). Өзін, басқа балаларды ойын арқылы зерттей бастайды - үй-үй, дәрігер, мамасы мен баласы, тб. Жасырын мастурбация басталады.
Басқа адамдардың көзінше жыныс мүшесін жалаңаштаса, жыныстық қатынасты егжей-тегжейлі білсе, ол туралы ашық айтса, үлкендердің сөзін пайдаланса - қалыпты емес.

Инстаграмға сілтемесі https://www.instagram.com/p/B6QqqBRpeAm/

+1 дауыс
Әзілдеп не ыңқылдап жатсыз деп сұрап тиісіп сұрап көріңіз болмаса жасырын камера орнатып бақылап көріңіз әрине соншалықты күдіктенетін жағдай болса.
Болмаса диктофонмен дыбысын жазып алыңыз.
+1 дауыс
Жасырын камерә орнату қажетсіз, осы жағдай болады-ау деген кезде, ұялы телефонның камерәсін ашып, сол бөлменің көрінбейтін жеріне қойып кетіңіз, сонан соң білесіз, ал ұялы телефонмен камераға түсіруден қорықсаңыз, авдиоға жазуды пайдаланыңыз, бұл шынымен біртұрлы жағдай екен.
+1 дауыс
Қашан алаңдау керек?
балада ересекке тән жыныстық әрекет пайда болып, ойыншықпен не басқа балалармен ж.қ. имитация жасайды;
қорқынышты түс, мазасыздық пайда болады;
бұрын араласып жүрген ересек/балаға мүлде жақындамайды;
жерде аунағандай кір киіммен келеді;
денесі көгеріп, жырылып, әсіресе жыныс мүшелерінде өзі айта алмайтын жарақат;
сіз алып бермеген жаңа зат, ақша, ойыншықтары;
сізге көрсеткісі келмейтін жаңа достары;
жасы үлкен досы пайда болады;
әлеуметтік желідегі парақшасын барынша жасырады;
үлкендердің сөздерін айта бастайды;
көңіл-күйі тұрақсыз, белгілі бір орын, адамдардан қорқып жүреді, тез ашуланады, тез жылайды, тұйықталады;
дамуында кері шегеріс болады, оқу үлгерімі нашарлайды, түнде бұтына жіберіп қояды, тб.
Жыныстық зорлықтың 23 %-н балаға - жасөспірім, ер бала жасайды екен. Жалпы, педофил деген сөзді психиатрлар зорлықшы мен құрбанның арасы - 5 жас болса пайдаланады.
Шетел статистикасы қорқынышты. 18 жасына дейін 4-6 қыз баланың 1-еуі, 6-10 ұл баланың 1-еуі педофилмен бетпе-бет келеді екен.
Педофил физикалық зорлық жасауы да мүмкін, немесе өзінің денесін, видео көрсетіп, жыныстық әңгіме айтып, жанама зорлық жасауы мүмкін.
Бұл жағдайда бала мына нәрселерді білсе, өзін қорғай алады:
✅ оның интим дене мүшелері бар, бөгде адам оларға тимеуі керек (бұл жыныс мүшелері, кеуде, бөксе, ауыз);
✅ бала жалпы барлық дене мүшесінің, 3 жастан бастап бірте-бірте жыныс мүшелерінің атын білуі керек;
✅ «құпия, жағымсыз» жанасулар болады, оны міндетті түрде ата-анаға айтуы керек;
✅ басқа адам «құпиямыз болсын» дегенмен айтпау қалуға болмайды.
Ал ол үшін:
— осындай мәселелерін сізге айтып келсе, өзі одан сайын бәлеге қалмасын БАЛА БІЛУІ КЕРЕК;
— сіз мұндай ақпаратқа шыдап, ересек бола алатыныңызды, «жүрегім, ойбай, не жаздым» деп бос истерикаға салынбайтыныңызды БАЛА БІЛУІ КЕРЕК;
— өзіне жайсыз жағдайдан кетіп қалуды үйретіңіз, (біз кейде құшақтағысы келмейтін адамын құшақтатамыз)
— бала «жоқ» деп айта алуы керек, және «жоғын» үйдегі ересектер тыңдап, құлақ асқан кездері есінде болуы керек;
— ұнамсыз жерден кетіп қалуға, көмек керек болса сұрауға болатынын;
Сая Бакимовадан кеңес алғыңыз келсе парақшасына өтіңіз.Инстаграмдағы парақшасы

bakymova_saya
...