0 дауыс
Дикларцияны қалай тапсырады, үйде отырып оған не керек, қандай форма таңдаймыз жеке тұлғалар үшін. Нұсқаулықты кайдан алуға болады,  жане биыл жеке меншике үй алдық оны әйелімнің атына тіркедік енди дикларцияда, оны кімнің атынан көрсетеміз меніңба оныңба
10.01.2020
санатын ауыстырды 1.4k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Декларация үш үлгіде толтырылады

Сонымен, 250 формадағы декларацияда ақшасын, бағалы қағаздарды, көлікті, жер телімін, тұрғын үй құрылысындағы үлесін тағы да басқа мүліктерін көрсетіп, тапсырады. Депозиттер мен шетел банктеріндегі қарыздарды көрсетуге міндетті.

270 үлгідегі декларацияда кеңейтілген нұсқада қайтарымсыз алған қаржыны, жылжымайтын мүлікті, көлікті, бағалы қағаздарды, инвестициялық алтын тағы басқа табыс көздерін көрсетіп жазады.

Ал 260 үлгідегі декларацияны зейнеткерлер, студенттер, жалдамалы жұмысшылар тапсырады. Онда айлық жалақы, шәкірттақы, дивиденд, ұтыс ақша, келісім шарт бойынша төленген ақша, міндетті сақтандыру төлемдері, алимент, денсаулыққа келтірілген зиян үшін төленген қаржы көрсетіледі.

Дереккөз: https://informburo.kz/kaz/deklaraciya-2020-alay-zhzege-asyrylady-zhne-ne-kederg.html

10.01.2020
үздік деді

Ұқсас сұрақтар

127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы