0 дауыс
735 көрілді
Бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысқанда "отпускной" қалай есептеледі?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

 Еліміздегі кез келген қызметкердің демалыс ақысын алудың алдында мынадай қарапайым шарттарды білуі керек: ай сайынғы жалақысы, бір күндік орташа ақысы қанша шығатынын және жұмысқа шыққан күндерінің саны. 

Бір күндік орташа ақыны демалыс күндерінің санына көбейтсек, демалыс ақысы шығады. Қарапайым формула. Ал бір күндік орташа ақы 12 айда алған жалақыны жұмысқа шыққан күндерге бөлу арқылы есептеп шығаруға болады. Ал бірақ егер қызметкер ол ұйымда бір жылдан аз уақыт жұмыс істеген болса, бір күндік орташа ақыны іс жүзінде өтелген жұмыс күндеріне бөледі.

Қай жағдайларда демалыс ақысы аз болуы мүмкін

- қызметкер еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыста болмаса;

- декретте болса;

- жұмыс бабымен іссапарда болса;

- компания бір жыл ішінде ешқандай сыйақы бермесе;

- демалысқа шығатын айда мереке күндері көп болған жағдайда.

Пайдаланбаған күндердің өтемақысы

Маманның айтуынша, еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін берілетін өтемақыны да ескеру қажет.

ҚР Еңбек кодексінің 96-бабының 2-бөлігіне ("Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу") сәйкес, қызметкер жыл сайынғы еңбек демалысының  пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған болса, оның пайдаланылмаған күндері үшін міндетті түрде өтемақы талап етуге құқығы бар. Ол өтемақыны алу үшін бір күндік орташа жалақыны жұмыс күндерінің санына көбейту керек. Еңбек кодексінің 88-бабына сәйкес, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

...