0 дауыс
481 көрілді
Саламатсыздарма. Мен дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша мектепке жұмыс істеуге барғым келеді. 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылыпты. 3 жылдан соң не болады? Жалақымыз қысқартылады ма?

1 жауап

+1 дауыс

Кім не десе де, бүгінгі таңда мамандарға мұқтаж өңірлер аз емес. Өйткені, шыны керек, жағдай жасалмаған, көгілдір отын жоқ, кей ауылдарда тіпті ауыз суды сатып ішеді, жолы нашар, тағысын тағы кемшіліктері көп ауылдарға қалада білім алған жастардың дені барғысы келмейді, деп жазады Корреспондент газеті.

Сонымен, жеті жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен бет алысын байқамақ ниетпен біз облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаевқа сауалдарымызды жолдаған болатынбыз…

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы түрлі сала мамандарын қамтиды

Ауылды аймақтарды әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз етуді мақсат еткен бағдарлама қай салалар бойынша мамандарға мүмкіндік береді? Бұл тұрғыдан алғанда да бағдарламаның өзіндік талап пен шарттары бар. Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмыс іздеуші мамандар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың 6 қарашасындағы бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты салалар бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 17 наурызындағы қаулысы бойынша олардың қатарындағы агроөнеркәсіптік кешен мамандарына агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер сынды мамандықтар енгізілген.

Бағдарлама жастарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.

Егер сіз өз қызметіңізді ауылдық жерде 5 жылдық жұмыс өтеушілікпен әлеуметтік сала мекемелерінде (денсаулық, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт) бастаймын немесе жалғастырамын десеңіз, онда келесідей мемлекеттік әлеуметтік қолдауға ие боласыз:

– Көтерме жәрдемақы, айлық есептік көрсеткіштің жетпіс еселік көрсеткіші немесе 105 840 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап);

– Бюджет несиесі, айлық есептік көрсеткіштің алты жүз отыз еселік көрсеткіші немесе 952 560 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап мамандарға тұрғын үй алатын 15 жылға арналған бюджеттік несие, сыйақы мөлшерлемесі жылына несие сомасының 0,01% көлемінде белгіленеді). Ауылдық жерде тұрғын үй алу үшін маманға аталған сома көлемінде баспана алу ұсынылады немесе маман өз есебінен қосымша шығын шығарады.

– Ауылдық елдімекендерге арналған республикалық бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік сала мекемесі маманының қызметтік айлығын кемі 25%-ға өсіру.

Маман ретінде аталған әлеуметтік қолдауларға ие болу үшін сіз ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органына құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет.

Қандай құжаттар қажет?

Дипломыңызға көз жүгіртіңіз… Жоғарыда біз айтқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты 8 саланың біріне құжатыңыз сәйкес келсе, төменде көрсетілген құжаттарды жинауға кірісуіңізге болады. Өйткені сізге мемлекет тарапынан бағдарлама аясында жоғарыда атап өткендей әлеуметтік қолдау шаралары, яғни қаржылай көмек көрсетіледі. Оны алу үшін алдын ала құжаттарыңызды рәсімдеуге тиіссіз. Олай болса, көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бөлінетін бюджеттік кредитті алу үшін жинақтайтын құжаттарыңыз төмендегідей:

– Өтiнiш;

– Жеке куәліктің көшiрмесi;

– Жаңа жұмыс орны (ауылдағы) бойынша кадр қызметін растайтын еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

– Бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

– Көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер, тиісті елдімекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

– Сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

– Неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

– Аталған ауылдық елдімекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама.

Ал көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй салуға бюджеттік кредитті алған кезде жоғарыда аталған құжаттарға қосымша маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт, кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі, кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты, берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім қажет. Аталмыш рәсімделген құжаттарды жинақтаған соң, оны ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) уәкілетті орган комиссияның жұмыс органына ұсыну қажет. Сондай-ақ, құжаттар түпнұсқалармен бірге беріледі және оны көшірмемен салыстырғаннан кейін олар иесіне қайтарылады.

Жұмысшы орган мамандардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, олардың растығын тексереді, қаржы құралдарына қажеттілікті есептейді және бес күн ішінде комиссия қарауына жібереді. Ал комиссия құжат түскеннен бастап, он күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдауды қарастыруды ұсынады. Ал аудан әкімдігі комиссия ұсынысы келіп түскеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде сізге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы қаулы қабылдайды. Қаулы қабылданғаннан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде аудан әкімі, сіз және сенімді өкіл арасында мамандарға бекітілген формада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну келісімі жасалады. Егер сіз жалған құжаттар берген болсаңыз, өтінішіңіз қабылданбайды.

Келісім жасалғаннан кейін: жұмысшы орган жеті күнтізбелік күн ішінде сіздің жеке есеп шотыңызға көтерме жәрдемақыны аударады және сенімді өкіл (агент) Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен отыз жұмыс күні ішінде маманға тұрғын үй алуға несие ұсынады (несие бойынша маманның міндеттемелерін орындауда осы алған тұрғын үйі кепіл болады). Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда, Бәйдібек, Қызығұрт, Мақтарал, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара, Арыс, Кентау, Түркістан аудандық (қалалық) экономика және қаржы бөлімдері, сондай-ақ Ордабасы, Отырар, Сайрам аудандарының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері әкімші болып табылады.

...