0 дауыс
1.9k көрілді
Қан мен тер кейіпкерлердің мінезініңе ерекшеліктері

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мақалада Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романындағы орталық тұлға – Еламанның өмір соқпақтары, өміртанымдағы өсу жолын көркемдік шешімде көрсетуі – қаламгер Нұрпейісовтің характер сомдау, характер ашудағы елеулі табысы болып саналатынын айқындап, терең салғастырулар жасайды. Автордың белгілі бір дәуірдегі ел тарихын, адам тағдырын, жалпының ішіндегі жалқының өмір шырғалаңын ұдайы қатарластыра, қосқаптал ағыстармен, үзік-үзік, қадау-қадау айқын сәттермен астарлап алып отыратынын сәтті байқап, суреткерлік шеберлігін сөз етеді. Мақалада Бальзактың ХІХ ғасырдағы француз қоғамы, қоғам аясындағы адам тағдырлары туралы жазған том-том шығармасын, М.Горькийдің адам өмірінің мәнін толғаған романдарын Ә.Нұрпейісов туындысымен салыстырып, қазақ жазушысының өзіндік ерекшелігін айқындайды. Романдағы Еламан да, Сүйеу қарт та, Мөңке шал да, Қаракемпір отбасы да, Тәңірберген де, Ақбала да, Судыр Ахмет те өз дәуірінің ақиқатымен ғұмыр сүрген мейлінше толымды көркем бейнелер екені жан-жақты қарастырылып, терең қамтылған. «Қан мен терде» жазушыны осы адамдардың тағдыры толғандыратынын саралайды. Мақала авторлары қазақ әдебиетінде белгілі бір кезеңде өріс алған роман жанрының дамуында «Қан мен тердің» де елеулі орны барын романдағы уақыт шындығы, адам тағдырлары аясында көркемдік шеберлік алымдарын атап отырып аша түседі. Жазушының характер жасау, баяндау, суреттеу тәсілдеріндегі жетістік, кемшілікті шендестіре отырып, қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қиын жанрдағы суреткерлі қарымын көрсетумен бірге, қазақ романистикасының да беталыс-бағытын сараптайды. 

...