0 дауыс
342 көрілді
Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылдық округінде соғыс ардагері М.Рыскелдиевтің атында тіркелген заңды, бірнеше жылдан бері көше атауы бар.Алайда, қазіргі таңда көше атауы берілгеніне қарамастан ауылдық округте жеке рушылдығына салынып лауазымды адамын пайдалана отырып,  Жаңарық ауылдық округіндегі №167 жалпы орта мектебіне М.Рыскелдиевтің атын беру жөнінде мектеп әкімшілігінен            (  жиналыс өткендігі  жөнінде ) жасанды ұсыныс білдіріп, ауыл әкімі арқылы аудан әкіміне,аудан әкімі арқылы облыстық ономастикалық комиссиясына ұсыныс енгізуде.ҚР Үкіметінің 1996жылғы 5 наурыздағы №281 Қаулысына сәйкес "Бір әкімшілік аумақтық бірліктің шегіндегі елді - мекендерге, елді -мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір ғана беру,сонымен қатар аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің,ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және ҚР мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың есімдерін беру және әдеби тіл нормаларына сәйкестік болуы тиіс. Бұған дейін аудан әкімі Р. Рустемовтың уақытында жоғарыда көрсетілген заңнамаға сәйкес келмейтіндігі жөнінде кері қайтарылған. Осы қарама -қайшылық заңдарға сәйкес №167 жалпы орта мектебіне М.Рыскелдиевтың есімі берілген жағдайда құзырлы жоғарғы органдарға шағымданатындығымызды білдіреміз.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...