Қазақстан тарихы 11 сынып
І айналым.Жазбаша тапсырмалар, әр сұрақ 1 ұпайдан 10 ұпайға дейін бағаланады.
Тақырып:Қазақстанда хандық биліктің жойылуы:
1. «Сібір қырғыздарының жарғысы», оның жүзеге асырылуы.
2. . «Орынбор қырғыздарының жарғысы», оның жүзеге асырылуы.
3. Хандық биліктің жойылуының салдары
2 айналым
Қала тұрғындарының арасында ертегі діни наным дәстүрлі кең тараған аймақ:
А) Жетісу В) Орал С) Ұлытау Д) Алтай Е) Торғай
2. ХVІІ ғасырдың ортасында Қазақ хандығы жиі соғысқан мемлекет:А) Цинь империясымен
В) Қоқанмен С) Хиуамен Д) Жоңғар хандығымен Е) Қырғыздармен
3. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» дастандарын жазған ақын-философ:
А)М.Жұмабаев В)Н.Байғанин С)Ш.Құдайбердіұлы Д)М.Шортанұлы Е)Ж.Аймауытов
4. 1916 жылғы көтерілістің негізгі сипаты: А) Ұлт-азаттық В) Феодализмге қарсы
С) Социалистік Д) Хандық билікке қарсы Е) Кеңес өкіметіне қарсы
5. Ұлы Отан соғысындағы партизандық қозғалысының көрнекті өкілі, жазушы:
А) Қ.Сыпатаев В) Қ.Қайсенов С) Ж.Елеусізов Д) Т.Тоқтаров Е) Н.Әбдіров
6. 1991 жылы тамызда КОКП Орталық Комитетінің Саяси бюро мүшелігінен шығатынын мәлімдеді:
А) Д.Қонаев В) Н.Назарбаев С) С.Әбділдин Д) М.Горбачев Е) И.Каримов
7. Сақтардың негізгі шаруашылығы: А) Мал шаруашылығы В) Теселі егіншілік С) Металл өңдеу
Д) Шыны бұйымдар жасау Е) Аң аулау
8. Шығыс Түрік қағанаты Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірген жыл:
А) 686 жыл В) 682 жыл С) 684 жыл Д) 685 жыл Е) 683 жыл
9. Шыңғысханды тәрбиелеуге еңбек сіңірген керей ханы:
А) Құршақұз В) Елжый С) Торы Д) Сарық Е) Маркус
10. Ғұндардың келуіне дейін Қазақстанды мекендеген тайпаларда басым болған нәсілдік белгі:
А) Монғолоидтық В) Американойдтық С) Негроидтық Д) Еуропеоидтық Е) Австралоидтық
11. 1716-1720 жылдары Ертістің бойына салынған бекіністер: А) Омбы, Райым В) Жәміш, Өскемен С) Орск, Қызылжар Д) Қапал, Верный Е) Атбасар, Орск
12. ХІХ ғасырда отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтерілісте старшындар тобы бас шылық жасады: А) Кенесары Қасымұлы басшылық жасады В) Бөкей Ордасындағы көтеріліс
С) ХІХ ғ 50-жжСыр бойындағы көтерілісД)Тентек төре бастаған көтерілісЕ)Ж.Тіленшіұлы бастаған көтеріліс
13. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай көтерілісін жаншуға жіберген жазалаушы отрядты басқарған подполковник: А) Пономарев В) Геке С) Смирнов Д) Колпаков Е) Рукин
14. Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғы шықты: А) 1824ж. В) 1826 ж.С) 1821 ж.
Д) 1820 ж. Е) 1822 ж.
15. Ұлы жүздегі Тайшүбек бекінісін орыс әскерлері қантөгіссіз басып алған жыл:
А) 1850 жыл В) 1864 жыл С) 1853 жыл Д) 1851 жыл Е) 1854 жыл
16. ХІХ ғ. Ресейде шаруалардың басыбайлы езгісінің жойылған мерзімі:
А) 1891 жылы В) 1863 жылы С) 1867 жылы Д) 1868 жылы Е) 1861 жылы
17. Ресейдің ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына Семейден сайланған:
А)Т.Нүркенов В)А.Бірімжанов С)Б.Құлманов Д)Ш.Қосшығұлов Е) М.Тынышбаев
18. Индустрияландыру жылдарында қудаланған қоғам қайраткерлері:
А) Т. Күзембаев, С. Зұрбаев В) Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев С) С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев
Д) М. Шоқай, М. Дулатұлы Е) Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов
19. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыз:
А)«Қамбар батыр» В)«Ер Қосай» С)«Ескендір» Д)«Ер Тарғын» Е)«Ел айрылған»
20. Қола дәуіріне тән емес ерекшелік: А) Кен өндіру, металл өңдеу ісі дамыды В) Еңбек бөлінісі пайда болды С) Теселі егіншілік дамыды Д) Жеке меншік пайда болды
Е) Мал бағудың көшпелі түріне көшу басталды
Қазақстан тарихы 10 сынып
І айналым.Жазбаша тапсырмалар, әр сұрақ 1 ұпайдан 10 ұпайға дейін бағаланады Тақырып:Қазақстан ерте темір дәуірінде:исседон, аргиппей, аримаспылар.
1 Исседондар, Тасмола мәдениеті
2.Аргиппейлер, қоныстары мен обалары.
3.Аримаспылар, Шілікті, Берел қорғандары
2 айналым
Қытай жылнамаларындағы Испиджаб қаласы Махмуд Қашғари жазбасындағы атауы:
А) Сауран В) Сығанақ С) Сайрам Д) Жент Е) Созақ
2. «Жерден шыққан Желім батыр» ауыз әдебиетінің осы жанрына жатады:
А) Лиро-эпостық В) Эпостық жыр С) Ертегі Д) Дастан Е) Күй-аңыз
3. Масуд ибн Усман Кухистанидың «Тарих-и Абулхайр-хани» еңбегінде баяндалады:
А) Көшпелі өзбектер ханы Әбілқайыр жайлы В) Алтын Орда ханы Батый жайында
С) Алаша хан жайлы Д) Ораз-Мұхаммед жайлы Е) Күлтегін, Тоныкөк жайында
4. Халық Қаһарманы атағы берілген партизан-жазушы:
А) Т.Тоқтаров В) А.Егоров С) М.Ғабдуллин Д) І.Айтықов Е) Қ.Қайсенов
5. ХХ ғ екінші жартысында суының тартылуы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азияға үлкен экологиялық апат әкелген: А) Каспий теңізі В) Балқаш көліС) Зайсан көлі Д) Алакөл Е) Арал теңізі
6. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мәртебесіне сай тұңғыш Конституциясы қабылданды:
А) 1997 ж7 мамыр В) 1996 ж30 қаңтар С) 1993 ж 28 қаңтар Д) 1995 ж 26 сәуірі Е) 1993 ж 15 қараша
7. Ерте темір дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі зерттелген обасы:
А) Есік В) Шілікті С) Бектеңіз Д) Қызылжар Е) Берел
8. Қимақ қағанатында шонжарларға берілген лауазымдар:
А) ябғу,шад-түрік, елтебер В) елтебер, шад, ілік хандар»
С)бектер,«тегіндер», ябғу»Д)«ябғу шад»«ұлы қаған», «кіші қаған» Е)«елтебер»кіші хандар», «шад»
9. Ұлы Жібек жолында сауданың өркендеуіне байланысты Қытайдан басқа жібек өндіру жандана бастаған өңір: А) Кавказ жері В) Арабия түбегі С) Солтүстік Африка Д) Сібір жері Е) Қырым
10. Шыңғыс ханның «Жасақ» заңы бойынша құрылтай жылына: А) 1 рет В) 2 рет С) 3 рет Д)4 рет Е) 5 рет
11. 1570 жылдың аяғында Хақназардың билігінде болған өңір: А) Жетісудың шығысы
В) Жетісудың солтүстік-шығысы С) Мауреннахр Д) Ертіс бойы Е) Шу, Талас өңірі
12. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы кезінде рухын көтерген ірі шайқастар:
А) Ырғыз, Торғай жеріндегі шайқастар В) Орбұлақ, Батпақ шайқасы
С) Қатаған қырғыны, Айғыржар шайқасы С) Бұланты, Аңырақай шайқасы
Е) Ходжент, Ташкент жеріндегі шайқас
13. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен
Е. Бекмаханов бас еркіндігінен айрылды:А)10жылғаВ)15жылғаС)20 жылға Д) 30 жылға Е) 25 жылға
14. 1822 жылғы жарғыдан кейін Сібір қазақтарын басқару жүктелді:
А) Орынбор губернаторына В) Шекаралық басқарма С) Округтық приказдарға
Д) Шыңғыс әулетіне Е) Болыстық сұлтандарға
15. 1853 жылы Ақмешіт бекінісін орыс әскерлері басып алғанға дейін бекініс қарады:А) Хиуа хандығына
В) Бұхар хандығына С) Астраған хандығынаД) Қоқан хандығына Е) Қырым хандығына
16. ХІХ ғ. ІІ жартысында ұйғыр кәсіпшілері кемемен жүк тасуды жолға қойған өзен:
А) Іле В) Есіл С) Тобыл Д) Шу Е) Ертіс
17. ХХ ғасырдың басында азаттық үшін күрескен ұлт қайраткерлері:А) А.Розыбакиев, М.Масанчи
В)Ә.Бөкейханов,А.БайтұрсыновС)М.Фрунзе,С.КировД)Ж.Шаяхметов,Н.Оңдасынов
Е)Ж.Ташенов, М.Айтқожин
18. Индустрияландыру жылдарында Қаныш Сәтбаевтың сіңірген еңбегі:
А) Қазақ КСР Ғылым Академиясын құрды
В) Батыс Қазақстандағы минерал-шикізат байлықтарын зерттеді
С) Орал-Ембі жерлерін зерттеді Д) Жезқазған ауданындағы мыс кенін зерттеді
19. Кіші жүзде Есім ханның өлімінен кейін хан тағына отыруға мүдделі болған сұлтандар:
А) Айшуақ пен НұралыВ) Қаратай мен ЖантөреС) Барақ пен Батыр
Д) Досалы мен Сейдалы Е) Қаратай мен Айшуақ
20.. Түргеш қағаны Сұлу өзінің ордасын көшірді:А) Испиджаб қаласына В) Талхиз қаласына
С) Шаш қаласынаД) Тараз қаласына Е) Баласағұн қаласына
Қазақстан тарихы 9 сынып
І айналым.Жазбаша тапсырмалар, әр сұрақ 1 ұпайдан 10 ұпайға дейін бағаланады Тақырып:Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс:
1. Көтерілістің алғышарттары мен себептері, басталуы, қазақ зиялыларының көзқарасы.
2. Көтерілістің барысы және орталықтары
3. Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы.