0 дауыс
2.6k көрілді
1-2 жастағы балаларға сценарий керек балабақша тәрбиешісімін. Балабақшадағы кіші топтарға, күзгі баллға сценарий керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тақырыбы: Жомарт Күз (Күзгі бал кеші)
Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі қандай?
- Сары.
(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? 
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! 
Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың, 
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін 
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет! 
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ 
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар. 
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Толығырақ.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
...