+1 дауыс
351 көрілді
Осы айда театрдан жарыс бар еді. Алдыңғы жылы 1 орын алдым осы жолыда алғым келеді. сценарийді өзім жазуым керек. алдыңғы жылы "Қатігез тағдыр" атты қойылым қойып едік. Осыда көрермендерді ойландыратын, толғантыратын, үлкен ой салатын трагедия жанрында жазғым келед. Идея айтып жіберіңіздерші....................... көп көмек болар еді................

1 жауап

0 дауыс
Мен өзімше бір ойларымды айтайын:
1) Қазіргі кездегі "қазақ тілінің" деңгейін жоғарылату жөнінде бір ой тастауға болады. Қазақ тілінің деңгейін мемлекеттік дәрежеде, осы қазақ тілін білмеген адам бір қадам да алға баса алмайтындай болуы керек деген идея тасталса(өзінше бір патриот бола қапты демессіздер, шын мәнінде тіл деңгейін көтеру осындай қарапайым бастамалардан да бастау алуы әбден мүмкін).
2) Қазіргі кездегі тастанды балалардың тағдыры жөнінде үлкен ой қозғауға болады. Өйткені бұл жағдайға құрылған сценарий ешкімді де бейжай қалдырмас деп ойлаймын. Сонымен қатар көптеген жастарға ой салатын болады.
3) Қазаргі жастардың білімінің бұрынғы кезбен салыстырғанда төмен екендігін көрсететін оқиға желісін көрсетуге болады.
4) Ата-аналрадың балаларын аяусыз ұратындары болады(әрине кейбір, сирек жағдайда) соны көрсетуге болады.
5) Ер адамдарың ішіп, отбасын ойрандап, әйелдерін соққыға жыққан бейнесін көрсетуге болады.
6) Балалардың ата-анасына деген қайырымсыздығын көрсетуге болады.
7) Немесе басына қандай ма бір жолмен өте қатты қиындық түскен жастың адал жолмен осы қиындықты жеңіп, ата-анасының ғана емес, ел үмітін де ақтағанын көрсетуге болады.
...