Осы сайттағы баяғыда қойылған сұрақтарға жауап берудің мәні бар ма?

+1 дауыс
460 қаралым
Олардың өзектілігі жоғалып кетеді ғой
Жалпы сұрақ

2 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
Өте жақсы сұрақ. Бұрын да осы сарындағы сұрақтарға жауап беріп өткен едім. Бірақ қай сұрақтың астында екенін ұмытып қалғандықтан қайта жауап бергенім дұрыс болар деген ойдамын.

Сайт ашылғалы бері осындай қойылған әрбір сұрақ пен жауап болашақта өшіп кетпесіне мен жауапкершілік алдым. Сайттың үнемі дамып әрі жылдам қатесіз ашылуын қадағалап отырамын.
Әрине көп жағдайда сұрақ қойған соң оқырмандар жауабын тез арада алмай жатады. Сайт әкімшілігі оған жауапты емес. Себебі сайттың мақсаты оқырмандардың өздері сұрақ қойып өздері жауап жазуы қажет. Бірақ кейде мейлі бір апта, бір ай, бір жылдан кейін де жауап жазылса ол сұрақ қоюшыға жауап пайдалы болмаса да тура сондай ақпаратты интернеттен іздеп келген қолданушыға пайдалы болар еді.
Осы сайтта жиналған сұрақтар мен жауаптар талай интернет қолданушыларына пайдалы болды, әрі талай жылдар бойы ақпарат іздеген қолданушыға пайдалы болады деген ойдамын!
+1 дауыс
Ол сұрақтар кейінде адамдарда туындауы мүмкін ғой) Өзектілігі жойылмайды деп ойлаймын
құлшынысың қайтып қалады екен жауап беруге, себебі оны қойған адам бұл сұрақты баяғыда ұмытып кетті ғой.
127,680 сұрақ
322,229 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы