Сәлеметсізбе! Асылы екі жақты да тыңдау керек. Бірақ бәрі сіз жазғандай болса, онда бұл келіншектің имандылығы өте төмен болып тұр. Көп нәрсені түсінбей осылай жасап отыр. Кейін өкінеді. Сіздікі дұрыс, әкеңізге, қарындасыңызға қамқор болуыңыз керек. Егер сіз қара басыңыздың қамын ойлап кететін болсаңыз, сіз де өкінетін боласыз. Ананың орны бөлек. Бұл келіншек ене қайтыс болған соң дана келін болуы керек еді. Мүмкін өзі тәрбие көрмегеннен соң шығар. Сізге сәттілік, жақсы адам кездессін сізге.