0 дауыс
2.3k көрілді
Саламатсыздар ма?дизайнер мамандығы туралы толық ақпарат берсеңіздер?бұл мамандықтың жоғары оқу орыны бар ма және ҰБТ ның қатысы бар ма оқуды бітірген соң қайда жұмыс істей аламын.Осы мамандықта оқып жүргендер болса көмектесіп жіберсеңіздер?жалақысы қанша болады?Жұмыс табу оңай ма?

1 жауап

0 дауыс
Алматыдағы Қазақтың Бас сәулет құрылыс академиясы еліміздеі сәулетші, дизайнер, құрылысшы мамандарын даярлайтын бірден-бір жетекші оқу орны екені белгілі. Осы орайда қазіргі кезде кең тараған әрі аталған оқу орнында жүйелі оқытылатын дизайнерлік мамандық жөнінде әңгімелеуді жөн көрдік.
Дизайн саласы – ғылыми-техника, компьютерлік салалар дамыған ХХІ ғасырда жаңаша тыныс алып, ілгері қадам басты. «Дизайн» термині ағылшын тілінен енген сөз. Ол жобалау, сызу, ойластыру деген ұғымды білдіреді.

Академиядағы дизайн мамандығы бойынша студенттерге сәулеттік дизайн, графикалық, өнеркәсіптік, теле-видео дизайны және сән дизайны бойынша жан-жақты білім беріледі. Осының ішінде, әсіресе теле-видео және сән дизайны өзінің ерекше инновациялық технологиялармен қызықтырады. Айта кетейік, бұл оқу орнында тұңғыш рет ашылған дизайн өнерінің бір түрі. Факультетіміз осы салаға жаңадан қадам басқан шәкірттермен қатар өз шеберліктерін шыңдауды мақсат еткен азды-көпті тәжірибесі қалыптасқан жастар, магистранттардың шығармашылығын дамытатын ғылыми орталық болып табылады. Оқу үдерісі барысында аталған мамандықтың барлық ерекшеліктері, теориялық негіздері, жобалаудың жаңа бағыттары, әдістемелері ескеріліп отырады. Қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне мән беріледі. Өйткені ұлтымыздың төл өнері заманға сай дамып, ұмыт қалмауы тиіс. Оны уақыт талабына сай жаңғыртып отыру дизайн өнерін халықтық нақышпен өркендетуге серпін берері анық.

Дизайн саласының қыр-сыры барша жұртшылыққа түсінікті бола бермеуі де мүмкін. Бұл негізінен адамның қиялымен, көркем ойлау жүйесімен байланысты сала болғандықтан оны шығармашылық бағытқа жатқызамыз. Мәселен, оқу үдерісі бірнеше кезеңдерді қамтиды. Атап айтқанда, «Үйлестіру кезеңінде» мамандықтың негізін оқып үйрену, яғни композицияның, суреттің, бейнелеудің, мүсіннің, түс танудың көркемдік құралдарын, инженерлік графиканың, жарнама мен баспа графикасының, макеттеудің негіздерін, сонымен қатар өнер тарихы, дизайн тарихы мен теориясы бойынша теориялық білімді меңгеру жүзеге асырылады. Алуан түрлі дизайн нысандарын жобалаудың, дизайн нысандарын құрастырудың, дизайн нысандары өндірісінің, құрал-жабдық зерттеудің, менеджмент пен маркетингтің тәсілдерін меңгеру «Тұрақтандыру кезеңінде» үйретіледі.

Студенттердің дизайн нысандарын жобалау аясында оқып меңгерген, жинақтаған білімдерін сәулеттік және өнеркәсіптік салада компьютерлік технологияларды қолдана отырып пайдалануын мамандандыру кезеңі деп атайды. Оқу барысында меңгерген теориялық білімін, практикалық шеберліктерін шәкірттер пленерлік, технологиялық, жобалық және өндіріс барысында көрсете алады. Жоғарыда аталған кезеңдердің әрқайсысын меңгеру – шығармашылық қабілеттің артуына мүмкіндік береді.

«Дизайн» мамандығы бойынша мамандар дайындаудың оқу бағдарламасы (оқу бағдарламасы мен жоспары) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты негізінде құрылған. Басты мақсат – білімгерлердің дизайн жасауға қажетті теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, мамандық терминологиясын еркін меңгеруге мән беру, кескіндеме, графика, мүсін, дизайн, жарнама өнімдеріне композициялық талдау жасауына қол жеткізу.

Өзіндік шығармашылық жұмыстарға да баса назар аударылады. Оған студенттер белсене қатысқан ірі көрмелер мен байқаулар дәлел бола алады: Түркістан қаласының 1500 жылдығына байланысты қаланың сәулеттік келбетін жаңарту концепциясын әзірлеуі; Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Қ.И.Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақстан ғылымы» көрмесінің экспозиция жобасысын дайындауы; Қазақстан Республикасы Спорт комитеті ұйымдастырған Лозанна қаласындағы (Швейцария) Олимпиада мұражайының көрмесіне қатысуы, сондай-ақ «Қарлаг» құрбандарына арналған көрмеге, «Сент-Этьен 2000» көрмесіне (Франция), «Орта Азиядағы киіз» халықаралық семинарына, «Сорос-Алматы» қазіргі заман өнер орталығы ұйымдастырған жастар фестивалінің көрмесіне қатысқандарын атап өтуімізге болады. Халықаралық жас дизайнерлер байқауында студенттеріміз үш жыл қатарынан бірінші жүлделі орындарға қол жеткізді.

Бүгінгі таңда «Дизайн» мамандарын даярлау бойынша жетістіктеріміз аз емес. Бұл белгілі дәрежеде қазіргі заманғы отандық дизайнның, сәйкесінше ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне ықпал етері сөзсіз.

Жанар КЕНЕСАРИНА,

Дизайн факультетінің деканы, педагогика ғылымының кандидаты, профессор

Әбдуали ТӨЛЕБИЕВ,

профессор, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі
...