0 дауыс
7.0k көрілді
Саламатсызба. мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасағаныма 5 жыл болды. Өткен 2018 жылы наурыз айында декреттік демалысқа шықтым. 2019 жылы ақпан айында жұмысқа қайта қосылдым. енді қазан айында еңбек демалысымды алсам толық 12 айға есептелінеді ме, әлде жұмыс жасаған 8 айға ғана төленеді ме?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 192-бабына сәйкес әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;

2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;

3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;     

4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.

Сонымен бірге, Кодекстің 107-бабы бойынша қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Кодекстің 239-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы берiледi.

Осыған орай, егер Сізге еңбек демалысы толық көлемде немесе жоғарыда аталған стажға қарай үйлесімді берілсе, сауықтыруға арналған жәрдемақы толық, заңнамада белгіленген мөлшерде төленуі тиіс.

...