0 дауыс
2.3k көрілді
Сəлеметсіздерме!? 5 айлық балама екіжақты гидронефроз деген диагноз қойды. КТ түсірген едім, оң бүйрек 1-2 деңгей, сол бүйрек 2-3 деңгей деп берді. Сұрайын дегенім, кімде осындай жағдай кездесіп, еді. Бұны операциясыз емдесе боладыма? Осы жағдаймен емделгендер барма?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Гидронефроз (гректің hidor — су және nephros — бүйрек деген сөздерінен шыққан) дегеніміз — бұл тостағанша-астауша жүйесінің ұлғаюымен, бүйрек паренхимасының семуімен (атрофия) және бүйректен зәр шығуының бұзылуы нәтижесінде бүйректің барлық негізгі қызметінің нашарлауымен және бүйрек паренхимасындағы қан циркуляциясының бұзылуымен сипатталатын бүйрек ауруы.

Этилогиясы. Гидронефроз әрқашан зәрдің ағуына кедергі туған кезде дамиды, мұндай кедергілер несеп жолының кез келген учаскесінде кездесуі мүмкін, бірақ оларды көбіне астауша — несепағар сегментінен табады. Мұндай кедергілерді шартты түрде бес топқа бөлуге болады: несеп шығатын өзек пен қуықта орналасқан кедергілер (инфравезикалды бітелу, үрпінің тарылуы, қауіпсіз гиперплазия немесе қуық безінің ісігі, қуық тасы және т.с.с); несепағар бойындағы, бірақ оның қуысынан тыс орналасқан кедергілер (бүйректің төменгі полюсінен шығатын ісік немесе киста, құрсақ ісігі, жатырдың фибромиомасы, екіқабат жатыр және т.с); несепағар калпының ауытқуынан туған кедергілер (ретрокавалды несепағар және т.с.с); несепағардың өз қуысында және астаушада кездесетін кедергілер (конкремент, ісік); несепағардың немесе астаушаның зәр шығуын қиындататын өзгерістер.

Толығырақ: https://ikaz.info/gidronefroz-aza-sha-m-limet/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 27.09.2013 Денсаулық сұрақ қойды
...