0 дауыс
443 көрілді
Сабақ кестесін құруда қазақ тілі мен әдебиетін, алгебра мен геометрияны, Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихын бір күнге қою қате болып табыла ма? жауап негізді болса

1 жауап

+1 дауыс
  1. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда, оқу сабақтарының кестесін жасауда негізінен екі тәсіл қолданылаы.

Бірінші тәсіл арқылы бір пән бойынша сабақтар біріктіріледі.

Мысалы, мұғалім 1, 3-сыныптарда бірінші сабаққа математиканы, екінші қазақ тілін қояды.

Апта айары 1-сынып 3-сынып
Дүйсенбі Әліппе

Математика

Ані тілі

Математика

Сейсенбі Дене шынықтыру

Әліппе

Әліппе

Математика

Дене шынықтыру

Ана тілі

Математика

Қазақ тілі

Орыстілі

Сәрсенбі Математика

Әліппе

Еңбекке баулу

Еңбекке баулу

Математика

Қазақ тілі

Еңбекке баулу

Еңбекке баулу

Бейсенбі Әліппе

Дүниетану

Дене шынықтыру

Математика

Қазақ тілі

Дүниетану

Жұма Әліппе

Математика

Музыка

Ана тілі

Математика

Музыка

Орыс тілі

Сенбі Әліппе

Дүниетану

Бейнелеу өнері

Қазақ тілі

Дүниетану

Бейнелеу өнері

Варианттарды таңдау мұғалімнің жеке икемділіктеріне байланысты.

Шағын мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруға байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім әдетте жаңа білімді түсінікті ету үшін бір не екі мысал келтіреді.

Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау береді. Оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныпқа өзіндік жұмыс істеуге көшеді.

  1. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс тапсырылады.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту жұмыс түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап мұғалім сабақты жүргізіп отырады.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту жаңа материалды түсіндіруде ауысша баяндау әдісінің көрнекілікпен ұштасуы оқушыларға жақсы әсер етеді.

Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың нені білетіндіктерін анықтайды. Оқушылардың тақырып бойынша не білетіндіктерін анықтап бролдған соң, жаңа материалды қабылдату басталады. Мұғалім тақырыпты түсіндіреді, білімді практикада қалай қолдану болатындығын көрсетеді. Көрнекіліктер қарпайым әдемі, нақты жасалу керек.Сурет,сызба, кесте, заттардың моделі сол сәтте оқылып жатқан тақырыпқа сай болу керек. Техникалық оқу құралдарын өте сақтықпен, ақылға қонымды етіп қолданған дұрыс.

Көрнекілікті қолданғанда оқушылар алаңдайды. Сондықтан оларды тек бір тақырып бойынша өтетін сабақтарда қолдануға болады. Бәріне қызық видиоматериалды,фильмді сабақтардан кейін көрсету керек. “Өздік қабылдау” жағдайында оқушылар мұғалім ойын ұстай алмайды. Тапсырманы дұрыс орындау үлгілері, есептерді шешу алгоритмі т.б. “Тіректер” схема, кесте түрінде жасалады.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда уақытты жоғалтпау үшін сыныптарды дұрыс біріктіріп, сабақ кестесін дұрыс жасау керек. Егер бір сынып өздік тапсырманы орындауды бастап, екінші мұғалім басшылығымен өздік жұмыс істесе әзірлеп әр оқушыға таратады. Сабақтың басында кезекші тапсырма жазылған конвертті оқушыларға үлестіреді. Көбіне тапсырмалар күштілер, орта және нашар оқушылар үшін жасалған. Әр конвертке оқушының аты-жөні жазылады. Орындалған жұмыс конвертке салынып мұғалімге қайтарылып беріледі. Егер өздік жұмыстың фронтальдық сипаты болып, барлық сыныпқа ортақ болса, тапсырма тақтаның бір жағына жазылып, керек болса нұсқау да жазылады. Бірнеше сабақтарға арналған тапсырмалар іш пыстырмас үшін оқушыға таңдап көшіруге,фонетикалық, граматикалық талдауға,шығармашылықпен баяндауға, “кері” тапсырмалар құруға рұқсат етіледі.

Сонымен сабақ шағын мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі формасы. Ол сабаққа қойылатын жалпы талапқа бағынады,бірақ өзгешеліктері бар. Сабақ құрылымында:

мұғалім басшылығымен жұмыс.

өздік жұмыс.

Сөздік және көрнекілік әдістерді ұштастыру уақытты тиімді пайдалануға және нақты жағдайда оқыту мен тәрбиелеуге көмектеседі.

...