0 дауыс
1.5k көрілді

Мен мектепте жақсы оқыдым деп айта алмаймын. Себебі тұтығып, кекештеніп сөйлеймін. Айтқанымды не мұғалім не сыныптастарым ұқпайтын. Қайта сабақ айтсам күлетін. Сөйлеуге ұялдым. Бірақ ынтам жоғары еді. Солай үнсіз тыңдаумен, іштей оқумен, үйде өзімше дайындалумен 9ж өтті. Күнде ертең бес алу үшін сабақ айтам деген мақсатпен оқыдым. Сабақ айтуға келгенде лезде бәрі жадымнан өшіп қалады. Ойым мені біреу мазақ етіп тұрда болды. Тоқсандық тест емтихандарда оқығаным есімде қалмайтын.Десе де көк аттестат алдым. Онда 4,5.Ал мектепте тоқсандықтарым 3,4 еді. Алғылшын тілі орыс тілі мен әдебиеті алгебра геометрия химия физикадан білімім өте нашар, қанша тырысып оқығанмен нөл болып қала берді. Бір жағы ол пәндерге қызығушылығым төмен (жоқ)Қалған пәндердерге шамам жетеді. Қызығып, түсініп оқи алам. Енді міне алда студенттік шақ. Семейге биология қаз.т таңдап (био. Қаз. өте жақсы оқи алам) Медколледжге ақылы түрде (грант емес) түстім. Медбике ісі бойынша. Түсу емтиханынан жалпы 50-дің 39 баллын алдым. Енді сұрақ 1) математикалық пәндер мен шет тілі орыс тілі 4 болып (жақсартуға тырысам ғой) қалғандары 5 болса қызыл диплом ала алам ба? 2) 1 курс жалпы мед. 2 курс медбикелік іс. 1 курс үздік болса 2 курс грант ала алам ба? Көп болса ренжімеңіздерші. Түсінікті болсын дегенім ғой. Алдын ала рахмет.

1 жауап

0 дауыс
Медицина колледжін де оқиды екенсіз, бірақ қызыл дипломмен бітір деп ешкім сізді қыстамаса өзіңізді әурелеп не істемексіз? одан да барына қанағат тұтып өзіңізді күткеніңіз абзал. Әрине қызыл дипломның атағы, дәрежесі, мансабы жоғары бірақ сіздің теориялық біліміңізбен практикалық біліміңіз сәйкес келмесе бәрі бекер.қазіргі таңда сенің дипломың көк екен ал сенікі қызыл екен деп жұмысқа алып жатқан жоқ. Қазіргі таңда көбісі көкесі, жәкесі, әкесі немесе көк қалың ақшаның арқасын да кіреді, ол жасырын емес. Өз күшімен кіріп жатқандар аз-ақ қана.  Сенің басты талабың медицинаны жақсы меңгеру. Жалындап тұрған, өз маманыңның иесі болсаң барлық есік ашық саған. Көк дипломмен де жетістікке жетуге болады. Тіліңдегі Тұтығуға келсек бұл әлем де қаншама адам бар бірақ өз бақытын сезбейді. алға талпынған адам өз кемпігін жеңеді. көпшілікпен арлас, жаңылпаштар айтып жүр қайталап, диалог құр, ән айтып даусыңды машықтандыр.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...