0 дауыс
3.5k көрілді
Салеметсыздер ме, быздын 87 жастагы жан атамыз о дүниелык болды, гумырлы, адемы омыр сурып кешты десек те кателеспеспыз. Омырлык адал, таза енбек жолын устанган,  устаз, мектеп директоры болған. Бар туыс жегжаттардын камкоршысы, ағасы, акесы болған, жаксы жолға жетелеп, тәрбиелеп окытып, жумыстарына тургызган.

Быз отпасымызбен шумактын киысын түк келыстыре алмай отырмыз. Сыздердын комектерыныз керек, отыныш!!!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әкеден асқар жок екен!
Әкенің сөзі оқ екен.
Қарайып жүрсе қасыңда,
Уайым-қайғы жоқ екен.

Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,
Ел айтады, жұрт айтады жарысып.
Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,
Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.

Әке, көзден кеттіңіз мәңгі жырақтап,
Сенбей сізді көп іздедік біз жылап.
Кетіпсіз ғой бұл өмірден мәңгіге,
О дүниені мекен қылып тұрақтап.

Әке деген асқар тауың,орманың,
Әке деген жұбанышың,қорғаның!
О,адамдар бар кезінде Әкені,
Қадірлейік,өкініште болмағын!

Адам мәңгі жүрмейді бұл жалғанда,
Көнеміз ғой тағдырдың салғанына.
Көзімізге ып-ыстық жас келеді,
Әке, өзіңді сағынып, еске алғанда!

Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрінен де мейірімін аямаған.
Жәннатта жаның болсын, рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге аяулы адам.

Жалғап өскен ағайынның арасын,
Қайран Әке, бір төбе дарасың.
Тірі болса артыңдағы ұрпағың,
Әкешім, мәңгі есте қаласың!

Қол жайып «Әумин» — деп бата оқып,
Жүреміз талай барып қабіріңе!
Мейіріммен жымиған күлкіңізді,
Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.
Жатқан жерің, жан әке, жайлы болып,
Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

Толығырақ: https://www.******.com/kz/olen/2416-eske-alu.html
...