0 дауыс
844 көрілді
Дипломның приложениесін мемлекеттік қызметтерге қажет ете ме?

1 жауап

0 дауыс

Жұмысқа орналасу кезінде қажетті құжаттар:

Бірінші кезекте, жұмыс берушімен еңбек келісім-шарты жасалады. Еңбек келісім-шарты – жұмыс берушінің жұмысшыға нақты жұмыс беруге міндеттелетіні, еңбек жағдайымен қамтамасыз етіп, толық көлемде уақытында жалақы төлеуі туралы, ал жұмысшының сол қызметті тиісінше атқаруға және ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауға міндеттелетіні туралы, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қағаз жүзіндегі келісім.

Еңбек келісім-шарты (ЕК) екі данада жасалып, олардың әрқайсысына екі тарап та қол қояды. Бір дана сізге, екіншісі жұмыс берушіде қалады.

Жұмыс еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік немесе паспорт (он алты жасқа жетпеген тұлғаның туу туралы куәлігі);
  • тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдіктер);
  • тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа орналасу үшін еңбек шартын жасасу кезінде білім, біліктілігі, арнайы білімдер мен кәсіптік дайындығының болуы туралы құжаттар;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • алдын ала медициналық тексеруден өткені туралы құжат (Қазақстан Республикасы заңнамасына және қолданыстағы Еңбек кодексіне сәйкес мұндай тексеруден өтуге міндетті тұлғалар);
  • салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігі мен әлеуметтік жеке код куәліктерінің көшірмелері.

Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР ЕК 32-бабының 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес Сіздің құқықтарыңыз:

  • демалу құқығы (жұмыс күні ағымында үзілісте, демалыс және мейрам күндері);
  • ұзақтығы 24 күнтізбелік күннен аз емес жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына;
  • жүктілік пен босануға байланысты төленетін демалыс, еңбекақысы сақталмайтын бала күтіміне байланысты 3 жылға дейінгі демалыс;
  • уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы (ауырған жағдайда);
  • еңбек келісім-шарты бұзу құқығы, бұл жөнінде жұмыс берушіге 1 ай бұрын хабарлау қажет;
  • қызметкерлер саны немесе штатты қысқарту кезінде өтемақы төлемін алу құқығы. 
...