0 дауыс
990 көрілді
Кешенді тестілеуге (кт) құжаттар қашан қабылданады әлде қабылданып қойды ма?  Алдын ала рахмет!

1 жауап

+1 дауыс

1 сәуірден бастап 10 мамырға дейін өткен жылдың мектеп түлектері мен колледж түлектерінен ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау (БҚМУ қабылдау комиссиясында).

ҰБТ-ға қатысу үшін талапкердің өзі қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1. Аттестат немесе колледж дипломы мен қосымшасы (түпнұсқа);

2. Тестілеу жүйесіне қатысу үшін төленетін қаржыны төлегені туралы түбіртек (Халық банкінен және олардын терминалдары немесе Қазпошта АҚ филиалдары арқылы);

3. Фото 3х4 – 8 дана;

4. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

5. Жеке куәлігі;

6. ХҚКО-нан мекен-жай анықтамасы;

7. Тезтікпе (Скоросшиватель);

8. Конверт (А5 форматта);

МАҢЫЗДЫ !!! Құжаттарды тапсыру кезінде талапкер техникалық хатшыдан тестілеу пәндерін анықтауы керек.

Құжаттар тапсырылғаннан кейін техникалық хатшы талапкерге емтиханға рұқсатнама қағазын береді. Рұқсатнама емтихан тапсыратын тілде толтырылады. Талапкер рұқсатнамада жазылған өзі туралы барлық мәліметті тексеруі тиіс. ҰБТ-ны тапсыруға келген талапкер жеке куәлігін (паспорт) және емтиханға кіру рұқсатнамасын көрсетуі тиіс.

Өтініштер уақытылы тапсырылмаған жағдайда, талапкер ҰБТ-ға қатысуға жіберілмейді.

1 сәуірден бастап 10 мамырға дейін ҰБТ-ға қатысу үшін ағымдағы жылғы мектеп бітірушілердің өтініштерін қабылдау (ҰБТӨП-те, ақылы және грант негізінде).

1 сәуірден бастап 7 шілдеге дейін шығармашылық мамандықтарға құжаттар қабылданады. 12 шығармашылық мамандықтар бойынша емтихан тапсыру 8-13 шілде аралығында өтеді («Шығармашылық емтихандар кестесін» қараңыз).

1 сәуірден бастап 20 тамызға дейін екінші қайтара жоғары білім алушылардан құжаттарды қабылдау.

20 маусымнан 14 тамызға дейін педагогикалық мамандықтар бойынша арнаулы емтиханға құжаттар қабылданады. Арнаулы емтихан қабылдау комиссиясының 222 кабинетінде өткізіледі («Арнаулы емтихандар кестесін» қараңыз).

Арнаулы және шығармашылық емтихандардың нәтижесі емтихан өткен күні ілінеді.

20 маусым - 5 шілде аралығында барлық мамандықтар бойынша ҰБТ өткізіледі (грантқа және ақылы бөлімге түсетіндер үшін). Рұқсатнамада тест тапсыру уақытының нақты күні мен аудиториясы көрсетілетін болады. Тестілеу күні сағат 7:30-да келу керек. ҰБТ ережелерін техникалық хатшыдан анықтаңыз.

13 шілдеден бастап 20 шілдеге дейін мемлекеттік оқу гранты конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау.

Конкурсқа қатысу үшін талапкердің өзі төмендегі құжаттарын қабылдау комиссиясына тапсыруы тиіс:

1) Білімін растайтын құжат (түпнұсқа);

2) ҰБТ сертификаты (маусым-шілде);

3) Фото - 3х4 – 8 дана;

4) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

5) Жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі.

6) Жеңілдік алуға мүмкіндік беретін құжат (І және ІІ топтағы мүгедек, бала күнінен мүгедек, жетім екендіктерін растайтын анықтама).

7) Мамандығы бойынша 1 жыл жұмыс өтілі барын растайтын анықтама (ЖОО-лардың бағыттас мамандықтарына түсуші колледж түлектері үшін).

Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу үшін берілетін өтініште білім беру бағдарламалар тобы мен ЖОО(лар) атауын көрсету керек.

25 шілдеден бастап 3 тамызға дейін ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін өтініштер қабылдау.

5 тамыздан бастап 10 тамызға дейін жергілікті атқару органдарының (әкімшілік) оқу гранты конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау.

7, 21 тамызда екінші жоғары білім алушылар үшін жазбаша емтихан; ЖОО-лардың бағыттас мамандықтарына ақылы бөліміне түсуші колледж түлектері үшін және шетел азаматтарына әңгімелесу өткізіледі.

1 тамыз – конкурс қорытындысы бойынша білім грантын растайтын куәліктерді табыс ету. (Конкурс қорытындысы www.testcenter.kz сайтында және «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарық көреді).

1720 тамыз - ҰБТ-ны қайта тапсыру.

10-25 тамыз аралығында - ЖОО-ға қабылдау. ЖОО-ға қабылдану үшін Қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттар тапсырылуы қажет:

1) ЖОО ректоры атына өтініш (техникалық хатшы береді);

2) Білімін растайтын құжаттар (түпнұсқа);

3) Фото 3х4 – 8 дана;

4) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

5) ҰБТ сертификаты;

6) Білім грантын алғандығы туралы куәлік (ЖОО - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті);

7) Жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі;

8) ХҚКО-дан мекен-жай анықтамасы;

9) ЖОО-мен келісімшарт (техникалық хатшы береді);

Сіздің ЖОО-ның студенті болғаныңызды жоғары оқу орны ректорының бұйрығы растайды. Сондықтан Сіз қабылдау комиссиясынан ЖОО-ға қабылданғаныңыз туралы бұйрықтың шыққанын білуіңіз қажет.

...