0 дауыс
3.6k көрілді
Электрик мамандығы бойынша практикантқа мінездеме керек және өндірістік практика күнделігінің толтырылуы керек

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

“Алматы энерго снаб”

Аты -жөні (студенттің)

Өндірістік мінездеме:

Алматы энергетика және байланыс университеті ЭЭФ – электрэнергетика факультеті 4 курс студенті, Аты -жөні, 13.01.2020-1.03.2020 аралығында “Алматы энерго снаб” мекемесінде  өндірістік практика өтті.

Практика өту барысында ,Аты -жөні, өзінің теориялық білімін жоғары дәрежеде көрсетті. Практикалық жұмыс арқылы өз білімін тереңдетті.  Студент практикант жұмысқа деген қызығушылығымен, жауапкершілікті сезіне білетіндігімен, теориялық білімін практикамен байланыстыруға деген ұмтылысымен және терең ойлылығымен ерекшеленеді. Тәжірбие барысында дағдыны өте жақсы деңгейде меңгеріп, қызығушылықпен жұмыс жасады. 

            Аты - жөні, мінезі жағынан салмақты, өз ісіне тыңғылықты, адал сабырлы , тіл табысқыш, моральдық жағынан ұстамды, кішіпейіл және қызметкерлер тарапынан ешқандай ескетулер алған жоқ. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Аты -жөні   өткізген іс-тәжірибесін «5» өте жақсы деп бағалаймыз.

Практика өткен орын аты

Мекеме немесе бөлім басшысы(Аты -жөні)

Тәжірибелік күнделік егер оқу орныңыздың электрондық күнделігінде арнайы күнделік толтыруға арналған бет ашылса әр күнге  3-4 сөйлемдік есеп беріу түрінде қысқаша не іспен айналысқаныңызды баяндайсыз. Егер ондай толтыратын арнайы жол болмаса практиканы өткен уақыт аралығы , өткен мекемеңіздің аты, айналысқан жұмыстарыңыз, жаңадан танысқан мағлұматтарңыз, тәжірибеден түйгніңіз жайлы  -2 -3бет баяндап жазасыз.

...