0 дауыс
13.5k көрілді
Алла тағаламыздын 99 есімдерінің, 3 есімін күніне айтып отырсаң жүкті болуға көмектеседі екен! бұл нәрсені дұрыстап тусіндіріп кетсеніздер, рахмет!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Алла Тағаланың 14 сипатынан бөлек көптеген көркем Есімдері бар екені белгілі. Жаратушымыздың болмысын сипаттайтын сын есімдер мен зат есімдер Алланың Есімдері деп аталады. Алла Тағала иман келтіргендерге дұға жасауда Оның көркем Есімдерін айтуды бұйырған, өйткені Алланы мақтауды Алла Тағаланың Өзінен артық ешкім жасай алмайды. Қасиетті Құранда былай айтылған: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (7:180).

Имам әл-Бұхари: «Кімде-кім Алланың 99 Есімін жаттап алса, Жұмақа кіреді», -  деп айтылған бір хадисті келтірген.

Ақиқатында, бұл ұлы іс! Алланың Көркем Есімдерін жаттаңдар, өйткені Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірілген:

«Асылында, Алланың жүзге біреу жетпейтін тоқсан тоғыз есімі бар, сол есімдерді атап беретіндер Жұмаққа кіреді» (әл-Бұхари 2736, Мүслим 2677).

 Алла жақсы біледі.

Ұрпақ беру, бала сүйдіру – бір Алла Тағаланың ғана бұйрығымен болатын нығмет. Алладан өзге ешкім бала беріп, бақыт сыйлай алмайды. Артынан қайырлы, өнегелі ұрпақ қалдырып кетуді армандаған адам Алла Тағаланың құдіретінің шексіз екендігін әсте естен шығармауы тиіс. Егер әйел ұзақ уақыт бала сүйе алмай жүрсе, ерлі-зайыптылардың екеуі де күніне мына дұғаларды оқуына кеңес береміз.   وَالَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا Олар: «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!», – дейді («Фурқан» сүресі, 74-аят).   رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ «Раббым, маған жақсысынан салиқалы ұрпақ нәсіп ет!» («Саффат» сүресі, 100-аят).   وَإِنِّي خِفْتُ الْمَوَالِيَ مِن وَرَائِي وَكَانَتِ امْرَأَتِي عَاقِرًا فَهَبْ لِي مِن لَّدُنكَ وَلِيًّا يَرِثُنِي وَيَرِثُ مِنْ آلِ يَعْقُوبَ  وَاجْعَلْهُ رَبِّ رَضِيًّا «Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр!» «Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!» («Мәриям» сүресі, 5-6 аят).   هُوَ الَّذِي خَلَقَكُم مِّن نَّفْسٍ وَاحِدَةٍ وَجَعَلَ مِنْهَا زَوْجَهَا لِيَسْكُنَ إِلَيْهَا ۖ فَلَمَّا تَغَشَّاهَا حَمَلَتْ حَمْلًا خَفِيفًا فَمَرَّتْ بِهِ ۖ فَلَمَّا أَثْقَلَت دَّعَوَا اللَّهَ رَبَّهُمَا لَئِنْ آتَيْتَنَا صَالِحًا لَّنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ «Ол сондай Алла, сендерді бір-ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына жақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлаған кезде, Аллаға: «Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік» деп жалбарды» («Ағраф» сүресі, 189-аят). Алла сіз бен бізге қайырлы, берекелі ұрпақ сыйлап, оның тек жақсылықтарын көруімізді нәсіп еткей!

Одан өзге Балалы болуға себепші болуы мүмкін дұғаларды мына жерден қарауға болады: http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-otbasy/balaly-bolu-ushin-oqylatyn-duga-bar-ma-1448/#gsc.tab=0

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
+5 дауыс
7 жауап
...