0 дауыс
1.0k көрілді
Мен Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылының тұрғынымын. Осы жылы Қарасай ауданы ст. Шымалғанға тұрмысқа шықтым биыл университет бітіремін. Мен Дипломмен ауылға деген жобаға қатыса аламын ба?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Дипломмен ауылға!» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев бастамасы бойынша құрылды. 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Ауылды тұрғылықты пункттерінде әлеуметтік салалардың қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң  (одан әрі - заң) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді, онда ауылды тұрғылықты пункттеріне өмір сүру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік салалар мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған.
Заңмен мамандарға келесілер ұсыну қарастырылған:
• Білім беру
• Денсаулық сақтау
• Әлеуметтік қамсыздандыру
• Мәдениет және өнер
• Мал дәрігері  (2012 жылғы қаңтар айынан бастап)
берілген мамандар қажет  ауылды жерлерге өмір сүру және жұмыс істеу үшін қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден келгендерге (сонымен бірге ауылдан) келесі қолдау көрсету шаралары қарастырылған:
• 70 АЕК (176 750 теңге) көлемінде көтерме ақы бір жолғы жәрдемақыны төлеу;
• 1500 АЕК (3 787500 теңге) көлемінде 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, 15 жыл мерзімге арналған тұрғын үй алуға және құрылысы үшін бөджеттік несие;
• Ауылды тұрғылықты пункттерінде орналасқан әлеуметтік салалар  мекемелерінің мамандарына қызметтік еңбекақыларын 25 % жоғарлату (тарифтік мөлшерлеме).
«Дипломмен ауылға!» жобасында келесілер қатысу мүмкін Жаңа ғана диплом алған оқу орындарының түлектері, Бес жылдан кем емес мерзімге өмір сүру және жұмыс істеу үшін ауылға келген еңбек өтілімі бар мамандар.
Ол үшін келесілер қажет:
• жұмысқа орналасу үшін аймақтағы таңдау
• өздерімен таңдалған тұрғылықты пунктте жұмыс табу (ауыл мектебі, емхана, Мәдениет үйі, спорт кешені және т.б.).
Аймақтарда кадрлардың қажеттіліг жөнінде мәліметтер облыстық әкімдіктер басқармаларының сайттарында жарияланған.
Жобаға қатысу үшін құжаттар тізімі:
• нұсқау бойынша өтініш;
• жеке куәлігінің көшірмесі;
• жаңа жұмыс орны бойынша кадрлық қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
• азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) көшірмесі немесе сәйкесті тұрғылықты пунктте тұратындығын тәлелдейтін анықтама;
• білімі туралы диплом көшірмесі;
• салық төлеушінің тіркелуі жөнінде куәлік көшірмесі;
• әлеуметтік жеке кодын алғаны жөнінде куәлік көшірмесі
• Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес тұрғын үйді сату-сатып алу туралы алдын ала келісімшарты
Құжаттардың түп нұсқасы мен көшірмелері салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары маманға қайтарылады.

https://tylek.wksu.kz/kk/s-diplomom-v-selo

0 дауыс
Білуімше, студент кезде қалада тіркеуде болу керек

Ұқсас сұрақтар

...