0 дауыс
1.3k көрілді
Менің ұзату тойым болуы керек еді. Бірақ бір түсініспестіктер орын алып тойды болмады. Енді әке шешем түбегейлі тойға да жігітке де қарсы. Маған өте ауыр тиді. Бірнеше күн біртүрлі түстер көріп жүрмін. Онын біразы есімде де жоқ. 2 күн бұрын әкемнің анасы қайтыс болып кеткен апама қууаанып барымды салып сәлем салып жүр екенмін. тағы бір түсімде әкем "Біз ойландық, біздіңкі дұрыс болмапты, бағыңды байламайық" деп разылығын беріп отыр. Түсімде күрек тісім түсіп орны кетік болып жүр екенмін. Одан кейін бір сыған түсіме кіріп бір қағаздар беріп сол бір қағазының біреуінде "Құдайдың сынағы" деген жазу есімде қалыпты... Осынын барлығының бір тұшымды қылып не себепті бұндай дүниелер кіріп жатқанын айтып бере алатын адам бар ма???

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Түсіңізде қайтыс болған жақын туысыңызды көру жақын арада қиындықтардан арылатыныңызды білдіреді. Егер туысыңыз сізге ашулы болса, онда шынайы өмірде күнә жасағаныңыз.

Егер қайтыс болған адамды түсіңізде тірі деп ойлап, оның жағдайы жақсы екенін көрсеңіз, оның о дүниеде жағдайлары жақсы екенін білдіреді.
Егер марқұм жаман әрекеттер жасап жатса, онда ол сізге шынайы өмірде жаман әдеттерден бойыңызды аулақ ұстау керек екенін ескертіп жатыр.

Түсіңізде қайтыс болған адамды сүйсеңіз, шынайы өмірде сіз күтпеген жерден байлық пен табысқа кенелетініңіз.

Қайтыс болған адам сізге таза, жақсы зат берсе, онда өңіңізде сізді қуанышты хабар мен жақсылық күтіп тұр.
Ал ұсынылған зат лас болса, онда қиындықтар болатыны жайында ескертеді.

Түсіңізде марқұммен бір төсекте ұйықтағаныңыз ұзақ өмір сүретініңізді білдіреді.

Толығырақ: https://alashainasy.kz/gazhaip/tusnzde-kaytyis-bolgan-adamdyi-koru-nen-bldred-119772/

...