0 дауыс
365 көрілді
Мен Оралманмын Қазақстан азаматтық алған кезде Авто көлік нөмірім ауысама яғни Растаможка тегін ба? Сол распа?

1 жауап

0 дауыс

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 10 бабына сәйкес  азаматтық:

  • тууы бойынша;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында  көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
  • осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

Егер Сіз басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ  адам болсаңыз, онда Сіз өтініш беріп:

  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының;
  • Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия  ережелерінің;
  • Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау бойынша өтінішхаттарды (өтініштерід) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының;
  • Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің Қазақстан республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулықтың нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдана аласыз

 «Азаматтық туралы» Заңының 16 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына:

  • Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар (азаматтыққа қабылдау туралы өтінішхатты берген сәтте Қазақстан Республикасында тұрудың бес жылдық мерзімі үздіксіз болуы тиіс);
  • Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған адамдар  (кемінде үш жыл тұрақты тұратын);
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан қабылданатын болады. 
  • Жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау  құқығы жоқ және  Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға ниет білдірген шетелдіктер тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне  өтінішхат  беруі тиіс. Өтінішхат Қазақстан Республикасы президентінің атына беріледі. Өтініште азаматтыққа қабылдау себептері көрсетілуі тиіс.
    • бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    • бекітілген нысандғы сауалнама-өтініш;
    • өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
    • шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
    • шетелдік мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын паспорттың көшірмесі;
    • неке туралы куәлігінің көшірмесі;
    • жұбайы – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
    • 1 АЕК  көлемінде мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
  • Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасы азаматтығымен байланысты  мәселелерді қарау бойынша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

    • белгіленген нысан бойынша сауалнама-өтініш;
    • өмірбаян;
    • өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
    • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 1 бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
    • жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы елдердің біреуінің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
    • 1 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;
    • басқа мемлекеттің құзыретті органмен берілген бұрынғы азаматтығы  жоқтығы немесе  тоқтатылғаны туралы анықтама.

    Аталған құжаттардан басқа:

    • Қазақстан Республикасы Президентінің  2005 жылғы 6 маусымдағы N 1587 Жарлығымен оларға қатысты азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленген адамдар үшін кәсіптер мен талаптар тізбесінің  талаптарына жауап беретін  адамдар   - бейінді мемлекеттік органның өтінішхатын;
    • Қазақстан Республикасына тарихи Отаны ретінде тұрақты тұруға қайтып келген адамдар үшін – оралман куәлігі  және бұрынғы азаматтығынаан бас тарту туралы өтініші;
    • Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат (өтініш) білдірген адам өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, онда неке туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесін тапсырады.
    • Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) ұсынады.

    Аудандық (қалалық) ішкі істер органдары  азаматтыққа қабылдау туралы мәліметтерді облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Ішкі істер департаменттеріне тапсырады, ал олар  құжаттарды тексеріп, олар бойынша тұжырымдама жасап, Ішкі Істер министрлігіне табыстайды. ІІМ ол мәліметтерді өз тұжырымдамасымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолдайды.   

    Азаматтықты алу  сәті 

    Адам қай сәттен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын  анықтау үшін Заңның 37 бабын пайдалану қажет,  оған сәйкес  Қазақстан Республикасы азаматтығын:

    • азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
    • кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күні;
    • кәмелетке толмағандардың ата-анасын Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
    • азаматтық мемлекетаралық шарттарында көзделгендей тәртiп бойынша тіркелген күні;
    • жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тіркелген күні алады

    Кәмелетке  толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар атынан өтінішхат беру 

    18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қатысты азаматтыққа қабылдау туралы нотариалдық куәландырылған өтінішхат олардың заңды өкілдерімен  беріледі. Өтінішке баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, әрекетке қабілетсіздігін растайтын құжат және әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат қоса тіркеледі.  14 пен 18 жас аралығындағы бала үшін оның өзінің қолы қойылған және нотариалды куәландырылған жеке келісім талап етіледі. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының 2 тараудың 11 тармағына сәйкес, жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы ІІМ-де және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының өтінішхатты (өтінішті) қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, ал жалпы алғанда – алты айдан аспауы тиіс.
    ІІД Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын алғаннан кейін қалалық, аудандық ішкі істер органдары арқылы өтініш иелерінің тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік бес күн мерзімінде оларға қаралған өтінішхаттардың (өтініштердің) нәтижелері туралы хабардар етеді.
    Шетелдіктерге және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған азаматтығы жоқ адамдарға  анықтама беріледі, ол оларға белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе паспортын беру үшін негізі болып табылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі  

      Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жеңілдетілген тәртіп мынадай адамдарға қатысты әрекет етеді:

      • Ресей Федерацисының азаматтары;
      • Беларусь Республикасының азаматтары;
      • Қырғызстан Республикасының азаматтары;
      • Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған шетелдіктер.

      Жеңілдетілген тәртіп 1999 ж. 26 ақпандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы «Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы»  келісімге,  1957 жылғы 29 қаңтардағы Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға сәйкес әрекет етеді.
      Жоғарыда аталған елдердің әрқайсысы басқа елдің аумағына тұрақты тұруға келетін өз азаматтарына  мынадай шарттардың бiрi болған жағдайда азаматтықты алудың жеңілдетілген (тіркеу тәртібін) тәртібін ұсынуға міндеттенеді:

      • егер өтініш беруші Белорус СОР, Қазақ СОР, Қырғыз СОР немесе РСФОР азаматы болып, бір уақытта бұрынғы КСРО азаматтығында болса, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін  азаматтық алатын екiншi Тараптың аумағында туса немесе  заңды негiзде тұрақты тұрып жатса;
      • егер өтiнiш берушi немесе оның ата-анасының (асырап алушыларының) бiрi, атасы немесе әжесi азаматтық алатын Тараптың аумағында туса немесе заңды негiзде тұрақты тұрған болса немесе өтiнiш берушiнiң азаматтық алатын Тараптың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның азаматы болып табылатын ең болмаса бiр жақын туысқаны: ерi (зайыбы), ата-анасының (асырап алушыларының) бiрi, баласы (оның iшiнде асырап алғаны), апасы-қарындасы, ағасы-iнiсi, атасы немесе әжесi, немересi (немере қызы) болған жағдайда  
      • Қазақстан Республикасы аумағында заңды негізде  тұрақты тұрып жатқан  және Қазақстан Республикасы азаматымен некеде тұрған шетел  азаматшысы  

      Жеңілдетілген тәртіп азаматтық алатын мемлекет  аумағында тұру мерзiмiне қарамастан басқа мемлекет аумағында тұрақты тұратын аталған мемлекеттердің  азаматтарына қолданылады.

      Ол үшін аталған мемлекеттердің азаматтары облыстардың ІІД бастығы атына және бір уақытта келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғасына  нотариалды куәландырылған шетел азаматтығынан жазбаша бас тартқаны туралы өтініш береді және оларды тұрғылықты жері бойынша қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімдерінің көші-қон полициясы бөлімшелеріне ұсынады.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса тіркеу қажет:

      • бекітілген нысандағы сауалнама-өтініш;
      • бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырылған өтініш;
      • өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
      • өмірбаян;
      • шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
      • жеке басын куәландыратын және адамның Келісімге қатысушы-елдердің  бiрiнiң  азаматтығына жататындығын растайтын  құжаттың көшрмесі;
      • тууы туралы және неке туралы куәлiктерiнiң нотариат растаған  көшiрмелерi;
      • мемлекеттік баж төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат 

      Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) жатады.

      Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін облыстардың ІІД бастықтарының атына өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:

      1. Бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш.
      2. Сауалнама-өтініш.
      3. Өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет.
      4. Шарттарды сақтау туралы міндеттемесі.
      5. Жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар – оралманның куәлігі.
      7. Жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар – осы оқу орында оқитын фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама.
      8. Ұлтын растайтын анықтама.
      9. Мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
      10. Саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болып табылатын адамдар – ақталғаны туралы соттың шешімі немесе саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы болып табылатынын растайтын құжаттар.

      Салық кодексінің 617-бабына сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеуден оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алумен байланысты барлық нотариалды әрекеттерден босатылады.

      Көрсетілген мемлекеттік баж салығын төлеуден босату бір рет ұсынылады.

      Қазақстандықпен некеде тұрған шетелдік азаматшасы үшін құжаттар тізбесі

      Ішкі істер органдарының  Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының 5-23 тармағына  және  Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға сәйкес  Қазақстан Республикасы аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан азаматымен тұрмыста тұрған шетелдік әйел облыстардың ІІД бастығының атына жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау туралы және біруақытта келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына шетел азаматтығынан жазбаша бас тартудың нотариалды куәландырылған өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді оларды тұрғылықты жері бойынша қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімдерінің көші-қон полициясы бөлімшелеріне ұсынады.

         Өтінішке мынадай құжаттарды  қоса беру қажет:

    • бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    • бекітілген нысандғы сауалнама-өтініш;
    • өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
    • шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
    • шетелдік мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын паспорттың көшірмесі;
    • неке туралы куәлігінің көшірмесі;
    • жұбайы – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
    • 1 АЕК  көлемінде мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
    ...